ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандыру стандарттары және нұсқаулықтары (ESG) Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру еуропалық қауымдастығының (ENQA) Студенттердің еуропалық одағымен (ESU), Жоғары оқу орындарының еуропалық қауымдастығымен (EURASHE) және Университеттердің еуропалық қауымдастығымен (EUA) бірлесе әзірленген ұсынысы бойынша 2005 жылы білім министрлерімен қабылданған.
2005 жылдан бері сапаны қамтамасыздандыру, сонымен қатар Болон үдерісінің басқа бағыттары аясында бірқатар ілгері қадамдар жасалды.
2012 жылы министрлер коммюникесі Е4 тобын (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) Халықаралық білім беру, Бизнес Еуропа және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық реестрімен (EQAR) бірлесе «олардың айқындылығын, қолданбалылығын және пайдасын, соның ішінде қолданылу аясын жақсарту мақсатында» ESG қайта қарастырылған жобасын әзірлеуге шақырды.
ESG жаңа редакциясын әзірлеу негізгі мүдделі тараптардың, сонымен қатар министрліктердің қатысуымен өткізілген бірнеше кеңестер кезеңінен тұрады. Барлық ескертулер, ұсыныстар және нұсқаулықтар мұқият талданып, Басқарушы топпен (БТ) қабылданды. Олар Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыздандыруға арналған стандарттар және нұсқаулықтардың (ESG) соңғы нұсқасында орын алған. ESG жаңа стандарттары 2015 жылы Ереван қаласында (Армения) өткен Жоғары білім министрлерінің конференциясында қабылданған.
Жаңа ESG 2015 түпнұсқалық құжаты, оның бейресми аудармалары және қосымша ақпарат ENQA веб-сайтында ұсынылған.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі ESG өзінің бейресми аудармасын (орыс тіліндегі) әзірлеген және төмендегі сілтемеде ұсынылады:
ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System - Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі) студенттердің шетелде білім алу кезінде алған кредиттерді олардың бастапқы жоғары оқу орындарына қайтуы барысында аудару тәсілі ретінде Эразмус бағдарламасы аясында 1989 жылы енгізілген. Қазіргі таңда бұл жүйе кредиттерді жинақтауда, бағдарламаларды әзірлеуде, сипаттауда және жүзеге асыруда, кредиттерді және білім алу кезеңдерін растау үдерісі көмегімен әр түрлі мемлекеттер ішінде студенттердің мобильділігіне мүмкіндік бере отырып, қосымша міндет атқарады. ECTS қолдану нұсқаулығы ECTS жүзеге асырудағы ұсыныстар және қосымша пайдалы құжаттарға сілтемелер болып табылады.
2009 жылғы ECTS қолданылу нұсқаулығы 2014 жылы 17-18 қарашада Рим қаласында Болон үдерісінің жұмыстық тобымен қарастырылды және 2015 жылы мамыр айында Ереван қаласында (Армения) өткен Министрлер конференциясында мақұлданған. Берілген қайта қарастырылған нұсқа Болон үдерісінің мемлекеттерінде, сонымен қатар жеке мемлекеттерде әзірленген, соңғы жылдары жасалған жұмыстарға негізделген. Бұл академиялық қоғамға және жоғары білім берудегі басқа мүдделі тараптарға Болон үдерісімен насихатталатын бағытта жүруге көмектесу мақсатында өткізілген.
Қайта қарастырылған нұсқаулықта Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін құру, үздіксіз білім беруді нығайту, оқытушыға орталықтандырылған жоғары білім беруден студентке орталықтандырылған білім беруге ауысу парадигмалары, оқыту нәтижелері түсініктері қолданысының артуы, оқытудың жаңа формаларын әзірлеу сияқты Болон үдерісіндегі соңғы әзірленімдер ескерілген.
Берілген ақпарат ресми ECTS қолдану нұсқаулығынан алынған.
Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі туралы толығырақ ақпарат Еуропалық комиссияның ресми веб-сайтында берілген.
INQAAHE (Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің халықаралық желісі) тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы даму кезеңіне тәуелсіз, барлық сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің жұмысында қолдануға арналған. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы алғаш 2003 жылы басылып шығарылды және 2006 жылы қайта қаралды. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығының жаңа нұсқасында 2003 жылғы нұсқаны қолданған мекемелердің, бағдарламалардың және сарапшылардың тәжірибесі көрініс тапқан. Ол INQAAHE үздіксіз жетілдіру үдерісін жалғастыру мақсатында әзірленген.
Тиісті тәжірибе туралы нұсқаулық мақсаты - ішкі және/ немесе сыртқы сапаны қамтамасыздандыруда тиісті тәжірибені жетілдіру. Нақты мақсаттарына:
- сыртқы сапаны қамтамасыздандырудың жаңа агенттіктерін (EQAAs) құру нұсқаулығына арналған қорды (базаны) жасау;
- сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау барысында қолдануына арналған критерийлерді ұсыну;
- сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің және олардың қызметкерлерінің арасында кәсіби дамуды жетілдіру;
- сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің қоғам алдында есеп беруін жетілдіру.
Берілген ақпарат INQAAHE тиісті тәжирибе нұсқаулығының ресми нұсқасынан алынған.
INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы туралы толығырақ ақпарат INQAAHE ресми веб-сайтында қол жетімді.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясы(Еуропа аймағындағы жоғары білімге тиісті біліктілікті мойындау туралы конвенция) Еуропа және ЮНЕСКО кеңесімен әзірленген және 1997 жылы 11-сәуірде Лиссабонда ұлттық өкілдермен қабылданған. Ол жоғары білім беру жүйесіндегі сәйкес біліктілікті мойындау туралы келісілген және тізбекті құрылымды құруды қарастырады. Бұл құжат қол қойған бір мемлекеттегі біліктіліктің екінші мемлекетте мойындалатынына кепілдік беру мақсатында әзірленген.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясының негізгі принциптері:
- Бір мемлекетте біліктілікке ие тұлға басқа мемлекетте осы біліктілігінің бағалану мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
- Сұратылатын біліктілікті мойындаудың жалпы талаптары арасындағы елеулі айырмашылықтардың болуы дәлелденуі мүмкін жағдайлардан бөлек, әр мемлекет, оның жоғары білім беру жүйесін құрайтын бағдарламаларға қолжетімділікке рұқсат беру мақсатында, басқа мемлекетте берілген және жоғары білімге рұқсат алуға қойылатын жалпы талаптарға жауап беретін біліктілікті мойындауға тиіс.
Басқа мемлекетте берілген жоғары білім біліктілігін мойындау нәтижесінде келесі салдар туындайды:
- жоғары білім беру жүйесінде оқуды жалғастыруға және/немесе ғылыми дәрежені алуға бағытталған бағдарламаларда дайындыққа, мойындау сұратылатын мемлекеттегі біліктілікке ие кандидатқа қолданылатын шарттарға сәйкес, қолжетімділік;
- ғылыми дәрежені мойындау сұратылатын мемлекеттің заңдарына және қаулыларына сәйкес қолдану;
- сонымен қатар, мойындау еңбек нарығына қолжетімділікті жеңілдетуі мүмкін.
Берілген ақпарат Мойындау туралы Лиссабон конвенциясының ресми құжатынан алынған.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясы туралы толығырақ ақпарат Еуропа кеңесінің ресми сайтында берілген.