САРАПШЫЛАР
Оқу орындарының немесе олардың білім беру бағдарламаларының сапасын сыртқы бағалауда кәсіби салаларда кең тәжірибесі бар және Агенттіктің жұмысына өз үлесін қосатын сарапшылар шешуші рөл атқарады. Сарапшылар – бұл бағаланатын құбылыстың мәнін түсінетін академиялық дәрежесі бар мамандар.
Сараптамалық бағалау тетігі сапаның ішкі көрсеткіштеріне баса назар аударады және өзін-өзі басқаратын академиялық қоғамдастықтың тұтастық қағидаттарына негізделеді. Жергілікті сарапшылардан басқа, әрбір аккредиттеу шеңберінде сырттан көзқарас енгізуге және білім беру ұйымына немесе оның бағдарламасына халықаралық тұрғыдан баға беруге арналған халықаралық сарапшы қатысады.
IQAA өз қызметінің басынан бастап барлық сыртқы аудиттерге студенттерді, жұмыс берушілер мен халықаралық сарапшыларды міндетті түрде тартады, бұл сапаны қамтамасыз ету рәсімдеріне қатысуға барлық мүдделі тараптарды тартуға, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеуге мүмкіндік береді.
IQAA оқыту семинарларын, конференциялар өткізу және оқыту материалдарын әзірлеу арқылы өзінің сыртқы сарапшыларының біліктілігін арттыруға және жүйелі түрде жетілдіруге ерекше назар аударады.
"Сарапшылар" қойындысы Агенттіктің сыртқы сарапшылары, сондай-ақ ұлттық сарапшылар, халықаралық сарапшылар, жұмыс берушілер мен студенттер қатарынан IQAA сарапшылары болғысы келетін әлеуетті тұлғалар үшін арнайы жасалған. Осы бөлімде ұсынылған ақпарат пен материалдар IQAA сыртқы сарапшыларының тиімді жұмысы мен өзін-өзі дамытуы үшін негіз болады. Сарапшыларға арналған ақпарат сапаны қамтамасыз ету саласындағы жаңа үрдістерге сәйкес үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады.