Білім беру ұйымын аккредиттеу (институционалдық немесе мамандандырылған) жөніндегі қабылданған шешімнің объективтілігін және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында құрамында бес адамнан тұратын IQAA Апелляциялық комиссиясы құрылған.
Апелляциялық комиссия Аккредиттеу кеңесі қабылдаған институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі шешімге білім беру ұйымының апелляциясын қарастырады. Апелляция туралы шешімді Апелляциялық комиссия ережеге сәйкес қабылдайды.
Апелляциялық комиссия агенттік президентінің атына 010000, Астана қ., Достық к-сі, 20, 801 офис мекен-жайына жіберілген білім беру ұйымы басшысының қолымен расталған ресми бланкте жазбаша формада берілген білім беру ұйымдарының апелляциясын қарастырады. Келіп түскен апелляция кіріс ақпараттары журналына тіркеліп, Апелляциялық комиссия төрағасына жіберіледі. Ауызша өтініштер қабылданбайды.
Егер апелляциялық өтініш шағымдар қарастыратын рәсімдерге сай келетін сұрақтарды қамтыса, Апелляциялық комиссия бұл сұрақтарды Шағымдар жөніндегі комиссияға жолдайды.
Апелляцияға берілген барлық жағдайлар Апелляциялық комиссиямен мұқият қарастырылады, олар бойынша жедел шешімдер қабылданады.
Айдарханова Күләш Нұрсайынқызы
Заң ғылымдарының кандидаты, «Нархоз Университеті» КЕАҚ Құқық және мемлекеттік басқару мектебі директорының орынбасары
Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, мамандығы «Саясаттану» (1998 ж.); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, мамандығы «Құқықтану» (2002 ж.). Заң ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Нарықтық қатынастар жағдайындағы Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы» (2006 ж.).
Жұмыс тәжірибесі:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасының аспиранты, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті (1998–2007 жж.);
Деканның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары (2007–2008 жж.);
Кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының доценті (2008 – 2018 жж.);
Кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыс жөніндегі орынбасары (2018-2023 жж.).;
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, Заң факультетінің деканы (1999 - 2002 жж.);
Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі директорының орынбасары (2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша мәліметтер: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құқық» мамандықтар тобы бойынша Оқу-әдістемелік секция төрағасының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.
Бегалиев Ернар Нұрланұлы
Заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратурасы.
Жұмыс тәжірибесі:
Д.А. Қонаев атындағы университеттің «Криминалистика және сот сараптамалары» кафедрасының оқытушысы (2001 - 2003 жж.);
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Криминалистика және сот сараптамалары» кафедрасының аға оқытушысы (2003 – 2005 жж.);
ҚР ІІМ академиясының доктораниы (2005 - 2008 жж.);
ҚР ІІМ-нің ведомстволық мекемелерінің бірінде басшылық лауазымдағы қызмет (2008–2011 жж.);
ҚазАТиСО оқу-әдістемелік істер жөніндегі проекторы (2011 – 2016 жж.);
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында басшылық лауазымдарда қызмет атқарады (2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша мәліметтер:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын республикалық олимпиадаларда «Құқық негіздері» пәні бойынша қазылар алқасы кеңесінің төрағасы;
«Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ҰМҒТСО қолданбалы және іргелі зерттеу тақырыптарын қабылдау жөніндегі сарапшысы;
«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік конкурсының «2017 жылдың үздік профессоры» номинациясының жеңімпазы;
«Әділет кеңесшісі» сыныптық шені.
Ысқақова Жанна Түркістанқызы
Философия докторы (PhD), заң ғылымдарының кандидаты, Астана Халықаралық Университетінің Жоғары құқық мектебінің доценті
Білімі: Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (2002 ж.), заң ғылымдарының кандидаты (2006 ж.), философия докторы (PhD) (2020 ж.)
Жұмыс тәжірибесі:
Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың аға маманы, сот отырысының хатшысы (2001-2002 жж.);
«Фемида» заң академиясының «Азаматтық және инвестициялық құқық» кафедрасының аға оқытушысы (2004-2007 жж.);
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының доцент м.а. (2007–2025 жж.);
Астана Халықаралық Университетінің Жоғары құқық мектебінің доценті (2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша мәліметтер: 2021 жылғы 17 тамыздағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы.
Мұратханова Меруерт Бейсенқызы
Заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті
Білімі: Қазақ мемлекеттік заң университеті (1999 ж.), заң ғылымдарының кандидаты (2007 ж.)
Жұмыс тәжірибесі:
Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетінің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі (қазіргі уақытта – «Alikhan Bokeikhan University») (1999–2011 жж.);
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доценті (2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша мәліметтер:«Құқық факультетінің 20 жылдығына» арналған мерейтойлық медаль (2019 ж.), «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қалыптасуына және кәсіби жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан айрықша үлесі үшін» (2019 ж.), 2021 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «2020 жылғы үздік жоғары оқу орны оқытушысы» атағы берілді.
Сартаева Калия Рысбекқызы
Заң ғылымдарының кандидаты, М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының профессоры
Білімі: Шымкент педагогика институты – математика пәні мұғалімі (1983 ж.), М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты – заңгер (2002 ж.).
Жұмыс тәжірибесі:
Алматы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Шымкент филиалының оқу бөлімінің басшысы, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы (1998–2001 жж.);
М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының оқу бөлімінің басшысы (2001–2004 жж.);
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ оқытуды ұйымдастыру және мониторинг жүргізу басқармасының бастығы, президенті (2007–2009 жж.);
ҚазГЗУ-дың Шымкент филиалының инновациялық-әдістемелік орталығының бастығы, қашықтан оқыту тіркеуші офисінің жетекшісі және қашықтан оқыту орталығының бастығы (2004–2009 жж.);
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құқықтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканның орынбасары, «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының доценті, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының профессоры (2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша мәліметтер: ҚР ҒЖБМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті атынан мемлекеттік комиссиялар құрамындағы сарапшы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ішкі аудиторы және ОӘК мүшесі, монографияның, алты оқу құралы мен 80-нен астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде импакт-факторы бар журналдардағы 3 мақаланың авторы.