ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ МҮШЕЛІК
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA), жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық желісі ретінде, еуропа елдерінің осы саладағы ынтымақтастығын дамыту үшін 2000 жылы құрылды. Осындай мекеменің құрылуына, жүзеге асыру нәтижесінде сапаны қамтамасыздандыру саласындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын бірінші жоспарға қойған, жоғары білім сапасын бағалау бойынша еуропалық пилоттық жоба себеп болды (1994 – 1995 жж.). Жоғары білімнің сапаны қамтамасыздандыру саласындағы еуропалық ынтымақтастық идеясы, 1998 ж.
24 қырқүйекте, Еуропалық кеңес Ұсыныстарында және Болон декларациясында (1999 ж.) орын алған Еуропалық кеңестің сүйемелдеуіне ие болды. 2004 ж. қараша айында желінің Бас Ассамблеясында аталмыш ұйымды «жоғары білімдегі сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясы» - деп өзгерту туралы шешім қабылданды. ENQA құрылған күннен бастап, оның жұмысын Еуропалық комиссия қаржыландырады.
ENQA миссиясы
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының миссиясы (ENQA) еуропалық білім саласының сапасын биік деңгейге көтеру және көмек көрсет. Болон декларациясына қол қойған барлық елдерде сапаны қамтамасыздандыруды жетілдіру ENQA-ның міндеті.
ENQA міндеттері
- Әсіресе әдістемелік зерттеулер мен ең үздік практика алмасу салаларында ақпараттар мен тәжірибе алмасуға көмек көрсету және дамыту;
- Сапаны қамтамасыздандыру саласында жасалынған және бекітілген стандарттарды, процедуралар мен нұсқауларды саяси форум ретінде жүзеге асыру;
- Болон процесінің шеңберінде жұмыс істейтін еуропа елдерінің білім министрлерінің, мемлекеттік билік өкілдерінің ұлттық және аймақтық органдары және басқа да инстанциялардың сұраулары бойынша сараптамалар мен консультацияларды өткізу;
- Трансұлттық еуропалық жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандыру процедураларының дамуына көмек көрсету;
- Сапаны қамтамасыздандырудың тиімді жүйесінің және аккредиттеу агенттіктерінің жүзеге асуына және дамуына болысу;
- Сапаны қамтамасыздандыру жүйесі мен аккредиттеу агенттіктерінің сараптамалық тексерулерін үйлестіру;
- Басқа да сәйкесті еуропалық мекемелермен және қызығушылық танытушылармен ынтымақтастықты сүйемелдеу және дамыту;
- Жоғары білімнің еуропалық кеңістігінің құрылуына үлес қосу;
- Басқа желілермен және аймақтармен келіссөздер жүргізу.
ENQA мүшелілігі
Болон декларациясына қол қойған елдердің сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерімен ынтымақтастық орнатуға, ENQA жоғары білімнің сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының есігі ашық. ENQA мүшеліліктің екі типіне де ие: толық және кандидат мәртебесіндегі мүшелілік. Сонымен қатар, Ассоциация сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне ассоциацияланған немесе афиллирацияланған мәртебелерін бере алады. Қазіргі таңда ENQA 28 мемлекеттен 51 агенттік толыққанды және 35 мемлекеттен 51 ұйым аффилирленген мүшесі мәртебесіне ие.
Толығырақ: http://www.enqa.eu/files/ENQA%20regulations%20version%20290909.pdf сайтынан біле аласыз
Веб-сайт: http://enqa.eu/{/spoiler}
Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі 2001 жылы 13-қазанда Краков қаласында (Польша) Будапешт қаласындағы (Венгрия) алғашқы кездесуден кейін бір жыл бұрын құрылды. CEENQA 2011 жылғы 4-шілдеде Дюссельдорф қаласында (Германия) ресми тіркелген болатын.
Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі 2001 жылы 13-қазанда Краков қаласында (Польша) Будапешт қаласындағы (Венгрия) алғашқы кездесуден кейін бір жыл бұрын құрылды. CEENQA 2011 жылғы 4-шілдеде Дюссельдорф қаласында (Германия) ресми тіркелген болатын. CEENQA үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым болып табылады. CEENQA жарғысына сәйкес оның мақсаты: "Орталық және Шығыс Еуропада жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру салаларында желінің қызметін әзірлеу мен келісуде мүше-ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, осылайша, Еуропалық білім беру кеңістігінде әзірлеу мен ендіруге ықпал ету» болып табылады.
Толығырақ: O CEENQA
Веб-сайт: www.ceenetwork.hu
Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі (the International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) 1991 жылы құрылды, қазіргі таңда ( тамыз,2011 ж.) 260 жуық мүшесі бар. INQAAHE желісі дүниежүзінде жоғары білім сапасын бағалау саласында теория және практика сұрақтарымен айналысатын ЮНЕСКО ұйымы және Дүниежүзілік даму банкі құптаған, ірі масштабты желі болып табылады.
INQAAHE миссиясы: INQAAHE – жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің ең ірі желісі. Ол сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне өзара ақпараттар мен тәжірибелер алмасуларына жәрдем береді; аталмыш салада теория мен практиканы дамытуды сүйемелдейді; сапаны қамтамасыздандыру стандарттарын, кәсіби практикаларын жасайды және оларды жүзеге асырады; агенттіктердің, INQAAHE мүшелерінің, сонымен қатар, жоо, студенттер мен қоғамның мүддесінде кәсіби даму мен потенциалды өсіру жұмыстарының барлық уақытта жақсаруына көмектеседі және ынталандырады.
INQAAHE мақсаттары:
- Жоғары білім сапасын бағалау, жақсарту және сүйемелдеу саласында теория мен практиканың ағымдағы жағдайы және жаңа зерттеулер туралы ақпараттарды жинау және тарату;
- Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру жүйесінің мүддесін көздейтін салаларда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
- Халықаралық ұйымдармен және т.б. араласу арқылы, жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру жүйесінің мүддесін көздейтін сұрақтар бойынша өзінің мүшелерінің ұйымдық ой-пікірлерін көрсету;
- Жоғары білім сапасын жақсарту сұрақтары бойынша теория мен практикаға көмек көрсету;
- Агенттіктерде консультациялар мен сараптамалар өткізу, сапаны қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша жаңа агенттіктердің дамуына көмек көрсету;
- Сапаны қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша агенттіктердің арасындағы өзара байланыстарға көмек көрсету және жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің желілерін сүйемелдеу;
- Ұлттық шекарадан тыс орналасқан жооға жұмыс стандарттарын анықтауда желі мүшелеріне көмек көрсету және халықаралық біліктілікті құптау сұрақтары бойынша толық ақпараттар алуға жәрдемдесу;
- Кредиттік бірліктердің зачеттық технологиясын, сонымен қатар, ел ішінде және шетелдерде студенттердің мобильділігін қамтамасыздандырудың кредиттерді жинау схемасын дамытуға және пайдалануға көмек көрсету;
- Күдік тудыратын аккредиттік ұйымдар және қиянатшыл практикалар туралы желі мүшелерін ескерту;
- INQAAHE мүшелерінің сұрауы бойынша, INQAAHE агенттігінің мүшелерінің жұмыстарының сыртқы тексеруін ұйымдастыру.
INQAAHE мүшелік:
INQAAHE желісіне мүшелік үш типті болуы мүмкін: толық, ассоциацияланған және афиллирацияланған.
ЖООның немесе білім бағдарламаларының сапасын бағалауға жауапты ұйымдар ( аккредиттік агенттіктері; бағалау жүргізетін агенттіктер және соған ұқсас ұйымдар; аккредиттік агенттіктерінің жұмыстарын құптаумен айналысатын органдар) INQAAHE желісіне толық мүше бола алады.
Ассоциацияланған мүшелік – бағалау, аккредиттеу және жоғары білім сапасын қамтамасыздандыруға үлкен қызығушылық танытқан, бірақ жоо немесе бағдарламалар сапасын қамтамасыздандыру процедураларына қатыспайтын ұйымдар.
Афиллирациаланған мүшелік – бұл бағалау, аккредиттеу және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандыру мәселелерімен қызығатын жеке тұлғалар. Желінің барлық мүшелері басқару органдарының құрамына қабылдана алады және Бас Ассамблея жұмыстарына қатыса алады, бірақ шешім қабылдағанда тек толыққұқылы мүшелер ғана дауыс бере алады.
Бүгінгі таңда INQAAHE құрамында 92 елден келген 283 мүшелер бар: 181 – толық, 90 – ассоциацияланған және 12 – аффилирацияланған мүшелер.
Желі сайтында ұйымның аты, web-сайты және басқа да мәліметтері көрсетілген INQAAHE мүшелерінің толық тізімі бар www.inqaahe.org
Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі(the Asia-Pacific Quality Network, APQN), дүниежүзінің жартысынан астам халықтарыны өмір сүріп жатқан аймақтарында орналасқан агенттіктердің жоғары білім саласының сапасын қамтамасыздандыру үшін 2003 жылы құрылды. APQN жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың Халықаралық агенттіктері желісінің (INQAAHE) аймақтық желісі ретінде жұмыс жасайды. APQN желісі Дүниежүзілік банктың және ЮНЕСКОның сүйемелдеуімен құрылды.
APQN миссиясы:Азиялық-Тынықмұхиты аймақтарында сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің жұмыстарын дамыту және олардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы жоғары білім сапасын жақсарту.
APQN мақсаттары:
- Азия-Тынықмұхиты аймағында жоғары білім сапасына көмек көрсету және оны жақсарту үшін жақсы тәжірибелерді таратуға ықпал ету;
- Жоғары білім сапасын басқару саласындағы зерттеулерге және аймақтағы жоғары білім сапасын жақсарту мақсатында олардың тиімді пайдаланылуына ықпал ету;
- Аймақта білім сапасы бойынша жаңа агенттіктерді құруға ақпараттар беру және көмек көрсету;
- Білім сапасы агенттіктерінің арасындағы ынтымақтастыққа, сонымен қатар шешімдер мен бағалауларды екіжақты құптауға ықпал ету;
- APQN мүшелеріне ұлттық жүйе шеңберінде оқу орындарының стандарттарын анықтауға көмек көрсету;
- Аймақта біліктілікті халықаралық құптауға жәрдем беру;
- Кредиттік трансферттік схемаларын дамытуға және пайдалануға көмек көрсету, ұлттық шекара ішінде де, сыртында да студенттердің мобильділігіне жәрдем ету;
- APQN мүшелерін күдікті аккредиттік ұйымдар туралы хабардар ету;
- Аймақты таныстыру және олардың мүддесіне жәрдем беру, мысалы, басқа желілердің және халықаралық мекемелердің арсында.
APQN мүшелігі:
Мүшелік критерийлеріне сәйкес, APQN желісінің құрамына кіретін агенттәіктер мүшеліліктің төрт типін иемденулері мүмкін: толық және арадағы мүшелік, ассоциацияланған, және институционалды мүшелік. Сонымен қатар, APQN мүшелік, Азиялық-Тынықмұхиттық аймаққа кірмейтін елдер үшін «бақылаушы» мәртебесіне де ие. Тек APQN толық мүшелері және аралық мүшелері ассоциацияның басқарушы органдарының жұмыстарына қатыса алады, ал ассоциацияланған және институционалды мүшелер, Бас Кеңестің әржылдық жалпы жиналысына және басқа да отырыстарына қатыса алады, бірақ олар дауыс беру құқығына ие бола алмайды. Қазіргі таңда APQN желісінің құрамына Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтың 53 елінің 159 ұжымы: 36 толық мүшелер, аралық мәртебеге ие 20 агенттік, 9 ассоциацияланған мүше және желінің институционалдық мүшесі мәртебесіне ие 94 ұжымы кіреді. Сегіз мекеме бақылаушы болып табылады (Хорватия - 1, Сауд Арабиясы - 1, Ұлыбритания - 2, Германия - 1, Кувейт - 1,Тайланд - 2).
APQN желісінің сайтына ұйымның аты, елі, мүшелік типі, интернет-сайты және басқа да контактілі ақпараттары көрсетілген APQN желісі мүшелерінің толық тізімі кірген: www.apqn.org