ТЖКБ ҰЙЫМДАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық реттеу туралы» заңдарына, білім бағдарламаларын аккредиттеудің халықаралық тәжірибесіне, сонымен қатар білім дамуының заманауи үрдісіне сәйкес әзірленген.
Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары жалпыға бірдей танылған негізгі ұғымдарға негізделеді: оқу орындарының сапалы білімді қамтамасыздандыру жауапкершілігі, қоғамның, мүдделі тараптардың және, ең алдымен, студенттердің сапалы білім алу мүдделерін ескеру және қорғау, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының әлеуметтік және кәсіби құзыреттілікке сәйкестігі, жеке адамның және қоғамның кәсіпті меңгерудегі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру.