Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) Сіздерді ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Maqsut Narikbaev University базасында өтетін Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша IX Еуразиялық форумының жұмысына қатысуға шақырады.
IQAA IX Еуразиялық форумында гибридті форматта келесі бағыттар бойынша панельдік баяндамалар мен пікірталастар өткізу жоспарланған: Жасанды интеллект, Цифрландыру, Микроквалификациялар.
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша IX Еуразиялық форумның бағдарламасында Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары мен сарапшыларының, сондай-ақ шетелдік аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындары өкілдерінің баяндамалары жоспарланған.
Форумға қатысу озық халықаралық тәжірибелермен танысуға, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі заманауи үрдістерді талқылауға, сондай-ақ аккредиттеу рәсімдері шеңберінде жоғары білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының қызметін бағалау кезінде пайдалануға болатын жаңа білім мен практикалық ұсынымдар алуға мүмкіндік береді.