ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Аккредиттеу дегеніміз - мемлекеттік, үкіметтік немесе жеке орган белгілі бір, алдын-ала белгіленген критерийлерге немесе стандарттарға сәйкес ресми түрде тану үшін университеттің немесе оның жеке бағдарламасының сапасын бағалайтын процесс.

ҚР Білім туралы заңына сәйкес, аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады және білім беру ұйымы аккредиттеу органдарының ұлттық тізіліміне кіретін аккредиттеу агенттіктерінің ішінен кез-келгенін өз еркімен таңдауға құқылы.

ҚР Білім туралы заңына сәйкес, білім беру ұйымдарын немесе білім беру бағдарламаларын аккредиттеу білім беру ұйымдарының қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеуді өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді білім беру ұйымы өтінімдерді және тізбесін агенттік айқындайтын, ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша агенттік қабылдайды».

ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады».

ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеу агенттігі өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес институционалдық немесе бағдарламалық аккредиттеуді жүзеге асырады». Олардың мазмұнымен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.

Отандық заңнама шетелдік агенттіктердің Қазақстандық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу құқытары мен іс-әрекетін шектемейді. Бұған қоса ҚР Білім туралы заңына сәйкес білім беру ұйымдары «уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, бағдарламалық аккредиттеуден өтуге құқылы».

Дегенмен, мемлекеттік қаржыландыру мен мемлекеттік үлгідегі дипломды беру мүмкіндігі тек техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне кіретін агенттікте аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары ғана ие бола алады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімін қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 304 бұйрығы).

Яғни, жоғарыда аталған артықшылықтарға ие болу үшін білім беру ұйымдары институционалдық аккредиттеуді ұлттық аккредиттеу агенттіктерінде, ал мамандандырылған аккредиттеуді ұлттық немесе шетелдік аккредиттеу агенттіктерінде өту қажет.

IQAA Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA) толыққанды мүшесі болып табылады және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша агенттіктердің Еуропалық тізіліміне енгізілді (The European Quality Assurance Register for Higher Education - EQAR).

Сонымен қатар, IQAA келесі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшесі болып табылады:

- Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі (The Central and Eastern European Quality Assurance Agencies in Higher Education - CEENQA);

- Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education - INQAAHE);

- Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі (Asia Pacific Quality Network - APQN);

- Жоғары білім беруді аккредиттеу жөніндегі кеңес (Council for Higher Education Accreditation - CHEA).

Институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген және 4 негізгі кезеңнен тұрады. Толығырақ

Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген және 3 негізгі кезеңнен тұрады. Толығырақ

Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау есебін даярлағаннан бастап, сырқы аудиттен өткенге дейінгі аккредиттеу кезеңдері аяқталғаннан кейін, агенттік өзін-өзі бағалау мен сыртқы аудит туралы есептер мен материалдарды зерттеу негізінде Аккредиттеу кеңесіне қорытынды даярлайды.

Аккредиттеу Кеңесінің отырысы нәтижесінде қарастырылған білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларына қатысты келесі шешім шығарылады:

- 5 жылға;

- 2 жылға аккредиттеу;

- аккредиттемеу.

Жоғарыда айтылғандай қорытынды шешім Аккредиттеу кеңесімен қабылданады. Ол өз кезегінде академиялық қауымдастықтың, жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері енетін, сайланбалы, алқалы орган болып табылады. Аккредиттеу кеңесі нормативтік құжаттаманы бекітуге және аккредиттеу туралы шешім қабылдауға жауапты.

Бұл мақсаттарда агенттік жанында шағымдар мен апелляцияларды қарастыратын арнайы құрылымдық органдар жұмыс істейді.

Егер білім беру ұйымы Аккредиттеу кеңесінің шешімімен келіспеген жағдайда агенттіктің Апелляция комиссиясына хабарласа алады.

Егер де білім беру ұйымы аккредиттеу үрдісінің кез-келген кезеңінде агенттік жұмысында олқылықтарды байқаған болса, ол туралы агенттіктің Шағымдар жөнінде комиссиясына бірден хабарлауы қажет.

Бұған қоса агенттік сайтындағы арнайы КЕРІ БАЙЛАНЫС қосымша беті арқылы өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қойып, пікірлеріңізбен бөлісіп, ескертулерді немесе ұсыныстарыңызды жеткізе аласыздар.

IQAA және оның қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпаратты агенттіктің веб-сайтынан таба аласыздар.