Глоссарий (Болон процесі) 2

ГЛОССАРИЙ

  • – білім беру мекемесінің бітірушісіне, белгіленген білім бағдарламаларын сәтті меңгергеннен кейін берілетін біліктілік. Егер бітіруші белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізу кезінде есепке алынған қажетті кредит санын жинай алса, онда кредиттің қорлық жүйесінің бағдарламасы біткен болып есептеледі.

  • – берілген дәрежені/біліктілікті анықтайтын ресми құжаттың қосымшасы. Диплом қосымшасы дәреже/біліктілік алушының оқу маңызын, деңгейін, мазмұнын және мәртебесін сипаттауға арналған. Қосымша Еуропалық комиссия, Еуропалық Кеңес және ЮНЕСКО/СЕПЕС жасаған модельге негізделеді. Ол халықаралық мөлдірлікке және біліктілікті академиялық/кәсіби құптауға ықпалын тигізеді.

  • – оқудың үшінші циклын бітіргенге және халықаралық деңгейде ғылыми, академиялық жұмыстарға немесе басқа да жоғары деңгейде құпталған кәсіби жұмыстарға берілетін біліктілік. Ол диссертация түрінде ұсынылған маңызды ғылыми зерттеулерді қарастырады.

  • – берілген бағдарлама бойынша оқыту мақсаттарна қол жеткізуге қажетті, студенттің оқу жұмысының еңбек көлемін бағалауға негізделген,оқушыларға ыңғайлы болу үшін құрылған жүйе. Бұл мақсаттар белгіленген оқыту нәтижелерінің терминдерінде және компетенцияларында жазылған болуы керек. ECTS күндізгі оқу формасындағы студенттің бір академиялық оқу жұмысына 60 кредиттік еңбек көлемінің сәйкес келуі принципіне негізделеді. Студенттің оқу жұмысының еңбек көлемі бір академиялық жылдың ішінде Еуропада бір кредиттің 25-30 сағаттық мазмұнына сәйкес келетін 1500-1800 оқу сағатымен өлшенеді. ECTS жүйесі білім беру жүйесінің мөлдірлігін жоғарылатады және кредиттерді жинақтау мен ауыстыру арқылы студенттердің мобильділігін арттырады. Кредиттерді ауыстыру, студенттің ауысып келген білім беру мекемесі, оның ауысып келген университеті және өзі қол қойған келісіммен кепілденеді.

  • – белгіленген мерзімдерде өтетін (мысалы, семестрдің соңында немесе ортасында, немесе оқудың басқа белгіленген мерзімдерінде) жазбаша немесе ауызша сынақ.

  • – оқытудың бірінші циклын сәтті аяқтағанда берілетін жоғары білім біліктілігі.

  • – қарым-қатынастардың мөлдірлігін және академиялық біліктіліктің еуропалық жүйесінің және ұлттық жоғары білім беру жүйесінің сәйкестігін қамтамасыздандыратын көлемді жүйе. Ол ұлттық академиялық жүйелердің арасындағы өзара әсер ету механизмі болып табылады.

  • – нақты градусты шкалаға негізделген және курстың әрбір бөлімі немесе жалпы оқыту бағдарламасы бойынша білімді бағалау нәтижелеріне сипаттама беру үшін пайдаланатын кез-келген сандық немесе сапалық өлшем.

  • – жоғары білімге жалпы орта білім туралы куәлігі (кәмелеттік аттестаты) немесе басқа да соған ұқсас білімі, сонымен қатар, кәсіби білімі немесе расталған бітірмеген жоғары білімі немесе тиісті тәжірибесі бар білім алушылар түсе алатын оқыту бағдарламалары кіреді.

  • – заманауи ақпараттық технологияларын және телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып оқыту.

  • – оқуды бітірген оқушының нені оқып білуге, меңгеруге және көрсете алуға тиісті екендігінің декларацияланған тізімі. Оқыту нәтижелерінің тізімі, бітірушінің оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін анықтауға пайдалануға болатын, білімді бақылаудың тиісті шарттарымен сүйемелденуі керек. Оқыту нәтижелерінің тізімі және бақылау шарттары, бағалау жүйесі білімді бақылау нәтижелерінің кредит зачетының талаптарына қарағанда жоғары немесе төмен деңгейлеріне негізделген кредит зачетінің талаптарын анықтайды. Егер оқыту нәтижелерінің тізімінде кредиттің қандай жетістіктер үшін есептелгені жеткілікті дәлдікте көрсетілген болса, онда кредиттерді жинақтау және ауыстыру жеңілдеу болады.

  • – қатардағы студенттің оқыту нәтижелеріне қол жеткізуіне және білімдерін бақылау нәтижелері бойынша кредит алуға қажетті сағаттардың саны.

  • – оқытушының оқушыларға жаңа тақырыпты немесе басқа да оқыту материалдарын түсіндіруіне бағытталған оқыту жұмыстары. Лекцияға әдетте бір оқытушы және көптеген студенттер қатысады.

  • – ранжирленген қысқартылған нәтижелер терминдерінде көрсетілген сатылар сериялары (үздіксіз қатары); сатылар сериялары біліктіліктерді салыстырады.

  • – әрбір деңгейде оқушыдан күтілетін және талап етілетін оқытудың жалпы сипаттамалары көрсетілген декларацияланған тізім. Деңгейлердің мұндай дескрипторлары оқушыларға әрбір белгіленген деңгейде, талаптардың немесе күтілімдердің типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дескрипторлар бағдарламаның күрделілігі сұрақтары бойынша, материалды игеру жөніндегі оқушының еркіндігі мен талаптары бойынша оқушылар мен оқытушыларға бағыт береді. Оны жалпы дескрипторларды өтілетін сабақтарға және оқыту тәсілдеріне де пайдалануы мүмкін. Деңгейлер дескрипторлары оқу бағдарламаларын жасау, кредиттерді дайындау, бағалау және оқытудың өткен тәжірибесін (сонымен қатар, неформалдық оқытуды) мақұлдау үшін, сонымен қатар, ПОҚ біліктілігін көтеру жүйесінде пайдаланады.

  • – бағдарламаларында бірдей көлемді (5-6 кредиттен) бөлімдерінемесекөлемнің осы бірлігінің түбірі бар модульдік оқыту жүйесінде «курс бөлімі» түсінігін «модуль» терминімен жиі ауыстырады. Модуль оқыту бағдарламаларының маңызды бір бөлігі болуы мүмкін, бірақ бұл бағдарламаға тәуелді болмауы да мүмкін.