13 қыркүйек 2024

Академиялық адалдық бойынша Ғаламдық желі (GAIN) мүшелерінің мәлімдемесі

Рисунок1.png

Академиялық адалдық бойынша Ғаламдық желі (Global Academic Integrity Network) – бүкіл әлем бойынша білім беру сапасын қамтасыздандыру аясындағы 40 агенттіктердің консорциумы болып табылады. Оның қызметі студенттерге бағдарланған білім беру саласындағы алаяқтық коммерциялық қызметтердің өсуімен күресу және ұлттық білім жүйесінің адалдығы мен біліктілігін қорғау үшін бағытталған. Ғаламдық желінің негізін салушылар Ирландиялық ұйым Quality and Qualifications (QQI) және Австралиялық жоғары білім беру (TEQSA) сапасын және стандарттарын қамтамасыз ету агенттігі 2022 жылы құрылған. GAIN басқа юрисдикцияларға алаяқтық қызметтерді жарнамалауды жазалайтын заңнаманы, реттеуші тәсілдер мен негіздерді әзірлеуге көмектесу үшін өзінің тәжірибесі және ресурстарымен бөліседі.

 

Академиялық адалдық бойынша Ғаламдық желі (GAIN) мүшелерінің мәлімдемесі

Қазіргі таңда әлемдегі 40 білім беру саласындағы аккредиттеу органдарының өкілі - академиялық адалдықтың Ғаламдық желісі (GAIN) негізгі әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларды өз позициясында тұруға шақырады. GAIN өзінің ашық хатында X, LinkedIn және Google сынды платформаларға академиялық адалсыздықпен күресуге және алдау қызметі бойынша жарнама келісімшарттарына шектеу қоюға бірігіп шаралар қолдануды сұрайды. Алаяқтық келісімшартқа сәйкес студенттер тапсырмалар орындау үшін немесе емтихандар тапсыру үшін өз атынан басқа біреуді жалдау дегенді білдіреді. Бұл байыпты түрде түбінде студенттің алатын оқу адалдығы мен біліктілігіне нұқсан келтіреді. Бүкіл әлем бойынша бұл академиялық адалсыздық білім жүйесіне және қоғамдағы білікті мамандарға сенімсіздікті тудырады. Соңғы жылдары сандық платформаларда келісімшартқа отыру кезінде алаяқтықпен байланысты қызметтер таралуы байқалуда. Бұл қызметтер тек академиялық адалдықтың қағидасын бұзып қана қоймай, студенттердің нақты оқу тәжірибесінен айырады және олардың жеке мәліметтерін ұрлау, бопсалау және психикалық денсаулықпен проблемалар алдында осал етеді.

GAIN-нің есептеуінше, бұл ірі онлайн платформалардың GAIN арасындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ қауымдастықтардың ұсынымдарын ұстау және қайта қараудың арқасында, біз essay mills және алаяқтармен келісімшарт жасайтын сервис жарнамалар көрінімін, зиянды контент әсерін айтарлықтай төмендете аламыз. Бұл GAIN және ықпалды онлайн платформалар арасындағы серіктестік бүкіл әлемге заңды академиялық жетістіктер құндылықтарының қуатты сигналы болар еді және осы қауіпті жою жолындағы позитивті қадамға алып келер еді.

«Цифрлық өзара байланыстылық дәуірінде академиялық адалдыққа деген қауіп-қатер бөлек өңірмен немесе елмен шектелмейді; бұл біздің білімімізге, мамандығымызға деген сенімділікке негізделген қоғам құрылымына қарсы шығатын жаһандық мәселе».

Бүгінгі таңда Қазақстан белгілі бір прогреске қол жеткізіп отырғанына қарамастан, Қазақстан университеттерінің академиялық адалдық лигасы жұмыс істейді. Тек жүйелі, жаһандық көзқарастың және біріккен іс-әрекеттердің арқасында біз академиялық адалдықтың сапасын қорғауды қамтамасыз етуге, нығайтуға, сондай-ақ білім алушылардың, әсіресе осал тобындағы білім алушылардың әл-ауқатын қорғауға үміт арта аламыз.

Академиялық адалдықтың Ғаламдық желісі туралы көбірек білу үшін www.globalacademicintegrity.network сайтына кіріңіз.