2024 жылдың 26 қыркүйегінде Maqsut Narikbayev University базасында «Жоғары білім берудің болашағын анықтайтын қағидаттар мен технологиялар» тақырыбы аясында жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі VII Еуразиялық форум өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің қолдауымен Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) ұйымдастырып отыр.
Форумда жоғары білімге қатысты өзекті мәселелер талқыланды:
- Академиялық адалдық және этика
- Оқыту мен бағалаудағы цифрландыру технологиялары
- Оқу үрдісіндегі және ғылымдағы жасанды интеллект технологиялары.
Аталған іс-шараға қатысу үшін 216 өтінім берілді, форумға академиялық қоғамдастықтың өкілдері: Қазақстандағы университеттердің ректорлары, проректорлары, қоғам қайраткерлері, қазақстандық және халықаралық сарапшылар және компаниялардың басшылары мен оқытушылары қатысты. Сонымен қатар Тәжікстан, Ресей, Литва және Әзірбайжан университеттерінің өкілдері болды.
Форумды ашып, қатысушыларды қарсы алған IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Білім және ғылым министрі, профессор Кулекеев Жаксыбек Абдрахметович академиялық адалдық пен этика мәселелері бүкіл академиялық қауым үшін, оның ішінде білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалауда қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалануға қатысты студенттер, оқытушылар, зерттеушілер және аккредиттеу агенттіктері іргелі болып қала беретінін атап өтті. Цифрландыруды кеңінен қолдану білім беру қызметінде жасанды интеллектті енгізуге және пайдалануға, оның ішінде адалдық туралы мәлімдеме жасауда ажырамастай өзгеріс әкеледі.
Сессиялардың модераторлары Аккредиттеу кеңесінің мүшелері – IQAA Аккредиттеу кеңесі төрағасының орынбасары Доскенов Талғат Қазкенұлы, «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы, экономика ғылымдарының докторы; Қадырова Маргарита Болегеновна, IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу қызметі жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор; Карбозова Айнур Багдатовна, Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының орынбасары; Ринат Маратұлы Ысқақов, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының докторы, доцент.
Сессия спикерлерінің баяндамалары (Пен Сергей Геннадьевич – Maqsut Narikbayev University ректоры, доцент, т.ғ.д.; Кодиров Фируз Абдулхафизович – Тәжікстан мемлекеттік қаржы-экономикалық университетінің ғылым жөніндегі проректоры, доцент, т.ғ.к.; Каланова Шолпан Муртазовна – Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі президенті, профессор, п.ғ.д.; Еркінбаева Лаззат Қалымбекқызы – М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры; Grainne Mooney, Ирландиядан келген Академиялық адалдық жөніндегі жаһандық халықаралық желінің тең төрағасы; Phil Newton – Суонси университетінің профессоры, Ұлыбритания, Еуропа Кеңесінің білім берудегі этика, ашықтық және адалдық жөніндегі Еуропалық платформа (ETINED) желісінің сарапшысы; Хикметов Асқар Кусупбекович – Астана IT университетінің ректоры, доцент, п.ғ.к.; Мирас Мұхтарұлы Дәуленов – Coventry University Kazakhstan президенті, доцент, PhD) өзекті мәселелелермен сүйемелденіп, форумға қатысушылар арасында белсенді пікірталас және тәжірибе алмасуға ықпал етті.
VII Еуразиялық форумның қорытынды сөзін IQAA Аккредиттеу кеңесінің төрағасы, профессор, экономика ғылымдарының докторы Гамарник Геннадий Николаевич аяқтады.
Форум жұмысының маңызды нәтижесіне оның өзіндік идеялардың әдістемелік өнімділігі мен инновациялық басқарудың әдістері болып табылады.
Форумнан алынған негізгі қорытындылар мен нәтижелер қарар ережелерінде тұжырымдалды.