03 қазан 2024

ENQA және EQAR басшыларының IQAA-ға келуі

2024 жылдың 3 қазанында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) өз қабырғасында Douglas Blackstock – Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) Президенті мен Stéphane Lauwick –  Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық тізілімінің (EQAR) Президентін қабылдады.

2024-10-03 4.png
2024-10-03 5.png

Сапар барысында қадірлі қонақтар IQAA ұжымымен кездесті. Кездесу барысында сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің қызметі, олардың оқу орындарымен таңдалуы, жасанды интеллектті оқу, оқыту және бағалау процесінде пайдалануы, трансұлттық білім берудегі сапаны бақылаудың ашықтығы, академиялық адалдық сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

2024-10-03 6.png
2024-10-03 7.png

Douglas Blackstock жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін ұлттық заңнамалық негіздер мен сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің ESG талаптарына сәйкестігінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жаңа тәсілдер мен сапаны қамтамасыз ету әдістемелеріндегі инновацияларды қолдану агенттіктер үшін негізгі мәселелер болып қалатындығын және бұл сапаны сыртқы бақылаудың өзектілігі мен қосымша құндылығын сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

IQAA өз қонақтарына қызықты және мазмұнды диалог үшін алғысын білдіреді, сонымен қатар, ENQA және EQAR-мен жемісті ынтымақтастықты күтеді.