

2025 жылдың 19 наурызында IQAA аккредиттеу және орта білім беру сапасын сырттай бағалау саласындағы сарапшыларға арналған онлайн-семинар өткізді. Іс-шараға мектеп директорлары, директорлардың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектептер мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ мұғалімдер де қатысты. Қатысушылар Астана, Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Жезқазған сияқты қалалардан болды.
Оқыту семинарын IQAA президенті, профессор Шолпан Мұртазқызы Каланова ашып, "Аккредиттеу: заманауи сын-қатерлер мен шындықтар" тақырыбында баяндама жасады. Президент өз сөзінде білім беру сапасының негізгі аспектілерін және оны жетілдіру перспективаларын атап өтті.
Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Семинардың келесі блогы сараптамалық комиссияларға қойылатын талаптармен танысу, сыртқы бағалауды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ сыртқы бағалау нәтижелері бойынша есептерді қалыптастыру болды. Бұл тақырыпта IQAA мектепке дейінгі және орта білім беруді аккредиттеу департаментінің директоры А. М. Мақажанова таныстырылым жасады.
IQAA бас сарапшысы Б. Ж. Мукалыкова қатысушыларға орта білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сыртқы бағалау есептерін қалыптастыру мәселесінен басқа, IQAA талдау және сапа департаментінің директоры Г. Т. Жұмадилова сыртқы бағалау есептеріне талдау жасады, типтік қателіктер анықталды және оларды болдырмау жолдары ұсынылды
Семинардың екінші жартысында топтық тапсырмаларды орындау және оларды талқылауды қамтитын практикалық бөлім өтті.
Оқыту семинарының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.
IQAA барлық қатысушыларға семинарға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.