2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі VIII Еуразиялық форум» өтті. Форумның тақырыбы – «Қысым астындағы стратегия: университеттер үшін жаңа технологиялар мен сын-қатерлер».
Форум Maqsut Narikbayev University негізінде аралас форматта өткізілді және оған қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, қоғам қайраткерлері, отандық және халықаралық сарапшылар, шетелдік аккредиттеу агенттіктерінің басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан университеттерінің өкілдері қатысты.
Форумда қаралған негізгі тақырыптар:
-
- жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясы,
-
- жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу,
-
- микроквалификацияларды дамыту,
-
- білім берудегі сапаны қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдер.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов форум қатысушыларын құттықтап, білім берудің ішкі және сыртқы сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық ESG-күн тәртібін қалыптастыруға қатысуын атап өтті.
IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының білім және ғылым экс-министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев форумды ашып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес: «Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу мемлекетке экономиканы жаңғырту міндетін қояды», – деп атап өтті. Бұл үрдістер тікелей университеттердің миссиясына және олардың әлеуметтік жауапкершілігіне әсер етіп қана қоймай, білім беру тәсілдерін, басқарудың ішкі механизмдерін және жоғары оқу орындарының ұйымдастырушылық құрылымын да трансформациялайды.
Форумның төрт сессиясының модераторлары: Асқар Құсыпбекұлы Хикметов- физика-математика ғылымдары кандидаты, Astana IT University доценті; Бақыткүл Телқожақызы Әбдіжаппарова - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Аккредитация және сапаны бағалау бөлімінің басшысы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты; Маргарита Бөлегенқызы Қадырова – IQAA Аккредиттеу кеңесінің төреағасы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Кәсіби даму институтының директоры, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты; Шолпан Мұртазқызы Қаланова - IQAA президенті, профессор, педагогика ғылымдары докторы, химия ғылымдары кандидаты;
Форумда баяндамаларымен шыққан қатысушылар:
-
-
- Мақсұт Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сергей Геннадьевич Пен білім беру үдерісінің сапасын арттыруда процессинг дағдыларын дамыту мен жасанды интеллектінің рөлінің маңыздылығына мән берді.
-
-
-
- Coventry University Kazakhstan президенті, PhD Мирас Мұхтарұлы Дәуленов форумның еліміздегі ең беделді білім беру алаңына айналғанын айтты. Оның пікірінше, сапаның жаңа парадигмасының өзегінде жасанды интеллект алмастыра алмайтын көшбасшылық пен креативті ойлау дағдылары тұр.
-

-
-
- Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық тізілімнің (EQAR) директоры Александр Шушняр ESG міндеттерін жұмыстың негізгі бағыты ретінде атап өтті, сондай-ақ микроквалификация саласындағы ахуалға шолу жасап, жоғары оқу орындарының нысаналы білімге деген сұранысқа бейімделу қажеттілігіне назар аударды.
-
-
-
- IQAA Бақылау кеңесінің мүшесі, директор NAKVIS (Словения) директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Франци Демшар аккредиттеу агенттігінің қызметінде жасанды интеллектіні пайдалану және сапаны бағалаудың тиімділігін арттыру мүмкіндіктері туралы баяндады.
-
-
-
- Халықаралық бизнес университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Анар Мұсақызы Махметова және UIB цифрландыру жөніндегі проректоры Нұрхан Бекболатұлы Жақсылық университеттің цифрлық трансформациясындағы тәжірибесімен бөлісті.
-
-
-
- Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сәуле Саветқызы Сағынтаева корпоративтік басқару, кадрлар әлеуетін дамыту және білім алушылармен өзара әрекеттесуді қамтитын ішкі сапаны қамтамасыз етуге арналған цифрлық шешімдерді ұсынды.
-
-
-
- Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, химия ғылымдары докторы Ринат Маратұлы Искаков Атырау мұнай және газ университетінде микроквалификацияны енгізу және мойындау тәжірибесімен бөлісті.
-
-
-
- Astana IT University академиялық істер жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлвира Советбекқызы Ақыбаева жаңа дәуірдің оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен білім жаңа дәуірдің оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін және білім беру ортасындағы сын-қатерлерді еңсеру стратегияларын таныстырды.
-
-
-
Нархоз университетінің провосты Ерлан Нұрлыбекұлы Шуланов генеративті жасанды интеллектіні академиялық істерде, соның ішінде оқу жоспарларын жетілдіруде, мотивациялық аналитикада және студенттерді қолдау ісінде пайдалану мысалдарын келтірді.
-

Жұмыстың аяқталу барысында IQAA президенті, профессор Шолпан Мұртазқызы Қаланова форумды қорытындылап, қарқынды технологиялық даму жағдайында халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.
VIII Еуразиялық форум университеттер, аккредиттеу агенттіктері және білім беру сапасы саласындағы сарапшылар арасындағы диалогқа арналған жетекші сараптамалық алаң мәртебесін растады, сондай-ақ цифрлық түрлендірулер дәуірінде бірлесіп шешім іздеудің жоғары маңыздылығын көрсетті.
