2025 жылғы 16 қазанда Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) Ақтөбе облысының білім басқармасының қолдауымен «Білім беру жүйесіндегі аккредиттеу: мақсаттар, рәсімдер және даму перспективалары» тақырыбында өңірлік оқыту семинарын өткізді.
Семинар Ақтөбе қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында аралас форматта өтті және қатысушылардың кең аудиториясын жинады:
- Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 80-ге жуық мектеп басшылары жеке;
- Ақтөбе облысынан 200-ден астам мектеп директоры онлайн-форматта қатысты.
Семинардың мақсаты:
Іс-шараның негізгі мақсаты орта білім беру ұйымдарының басшыларын сапаны қамтамасыз етудің маңызды тетігі ретінде институционалдық аккредиттеу рәсімдерімен таныстыру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және Ұлттық тәжірибені талқылау болды.
Семинар бағдарламасы келесі негізгі тақырыптарды қамтыды:
- Орта білім беру ұйымдарын аккредиттеудің қазіргі халықаралық тәжірибесі;
- Институционалдық аккредиттеу рәсімі: кезеңдері, талаптары және тәсілдері;
- Мектептердің білім беру қызметінің сапасын бағалау стандарттары;
- Аккредиттеуге дайындық тәжірибесі және өзін-өзі бағалау туралы есеп жазу.
Қатысушыларға Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Бертлеуова Нұргүл Лескенқызы құттықтау сөз сөйлеп, аккредиттеу білім беру ұйымының белгіленген мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарға сәйкестігін ресми тану болып табылатынын атап өтті. Бұл, оның айтуынша, білім беру процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін және мектептің үнемі жетілдіруге деген ұмтылысын растайды.
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы Қосымбаева Меткүл Ораққызы Облыстың білім басқармасы бастығының орынбасары сөзін де қолдады. Оның айтуынша аккредиттеуден сәтті өткен Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия дайындықтың жоғары деңгейін және заманауи талаптарға сәйкестігін көрсетті. Сонымен қатар басқа мектептер үшін үлгі бола алатынын, ал алынған нәтижелер қаланың бүкіл білім беру жүйесін одан әрі дамытуға түрткі болатынын атап өтті. «Әрбір мектептің жетілдіруге, озық тәжірибелерді енгізуге және тұрақты өсуге ұмтылуы маңызды. Тек осылай ғана біз әр балаға сапалы білім бере аламыз», - деді ол.
Аккредиттеудің әлемдік тәжірибесі тақырыбы бойынша IQAA президенті, профессор Шолпан Мұртазқызы Каланова баяндама жасады. Ол өз сөзінде орта білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жүйелерін дамытудың негізгі тенденцияларын, сын-тегеуріндері мен перспективаларын атап өтті.
IQAA мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу департаментінің директоры Ә.М.Мақажанова және бас сарапшы Б.Ж.Мукалыкова институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін, дайындық кезеңдерін, сондай-ақ сыртқы бағалаудан өтудің практикалық аспектілерін егжей-тегжейлі атап өтті.
Сонымен қатар, семинар аясында Ақтөбе қаласындағы «№82 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры А.А.Тәжімішев және «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Садықова., IQAA-да аккредиттеуден өтудің оң тәжірибесімен бөлісті. Олар бұл үдеріс мектептегі білім беру үдерісінің сапасын арттырудың маңызды факторына айналғанын, жүйелі дамуға және тиімді басқару тәжірибелерін енгізуге ықпал еткенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы