29 маусым 2026

Ақтөбе қ. Қ.Сәтбаев атындағы МЛ мен №82 ЖОББМ халықаралық аккредиттеу туралы куәліктерін табыстау

Куәліктерді табыстау
Куәліктерді табыстау

 

2026 жылғы 27 маусымда IQAA Аккредиттеу кеңесінің отырысы аясында сыртқы бағалау рәсімінен сәтті өткен орта білім беру ұйымдарына халықаралық институционалдық аккредиттеу туралы куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Келесі білім беру ұйымдары 5 жыл мерзімге куәліктерге ие болды:

1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі» КММ.

Салтанатты рәсімге қатысқандар:

  • Абен Талгат Рустемович — мектеп-лицей директоры;
  • Майлык Мейрлан Калдыбаевич — директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • Жумагамбетов Максым Ракиевич — дарынды оқушылармен жұмыс жөніндегі үйлестіруші;
  • Орынбасаров Аслан Куандыкович — тарих және география пәнінің мұғалімі;
  • Адилбаев Ерлан Жандосович — математика пәнінің мұғалімі.

2. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ.

Мектеп атынан куәлікті директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Худайбергенов Нурлан Мухтарович алды.

Салтанатты рәсім аккредиттеу рәсімін аяқтаудың маңызды кезеңі және білім беру ұйымдары қызметінің белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігінің дәлелі болды. Институционалдық аккредиттеу туралы куәлікті алу мектептердің үнемі жетілуге, ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамытуға және білім беру қызметінің тиімділігін арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

IQAA мектеп ұжымдарын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтайды және алдағы уақытта кәсіби табыс, тұрақты даму мен жаңа жетістіктер тілейді.