Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының (World Federation for Medical Education — WFME) 2036 жылғы 31 тамызға дейінгі тану мәртебесін алды.

Тану мәртебесінің берілгенін растайтын ресми сертификатты Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы 2026 жылғы 17 тамызда табыстады.
WFME тану мәртебесін алу IQAA-ның базалық медициналық білім беру саласындағы аккредиттеу процестерінің Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының критерийлеріне сәйкестігін растайды.
WFME тануы шеңберінде IQAA-ның аккредиттеу процестері, оның ішінде медициналық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларына қатысты шешім қабылдау және аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімдері бағаланды.
WFME тану мәртебесі IQAA-ның аккредиттеу процестері аккредиттелетін медициналық білім беру ұйымдары мен бағдарламаларына қатысты тиісті әрі қатаң стандарттардың қолданылуын қамтамасыз ететінін куәландырады.
WFME халықаралық тану мәртебесін алу IQAA қызметіндегі маңызды кезең болып табылады және Агенттіктің медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету тәсілдерінің халықаралық деңгейде танылған стандарттарға сәйкестігін растайды.
IQAA сапа мәдениетін дамыту, аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру және Қазақстандағы жоғары және медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесіне ұлттық және халықаралық деңгейде сенімді нығайту бағытындағы жұмысын жалғастырады.