2026 жылғы 25 қыркүйекте Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) сарапшыларға арналған жоғары және қосымша білім беру ұйымдарын сыртқы бағалаудың өзекті мәселелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
.

Іс-шара онлайн форматта өтіп, сыртқы бағалау рәсімдеріне қатысатын 70-тен астам маманды біріктірді. Негізгі назар сарапшы жұмысының практикалық құралдарына, білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы өзекті талаптарға және негізделген сараптамалық шешімдерді әзірлеу тәсілдеріне аударылды.
Қатысушыларға құттықтау сөзін IQAA Президенті, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты Каланова Шолпан Муртазовна арнады.
Баяндамалармен IQAA ЖОО-ларды аккредиттеу департаментінің директоры, доцент, химия ғылымдарының кандидаты Джигитчеева Карлыгаш Мухареденовна, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аккредиттеу бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Абдижаппарова Бахыткуль Тельхожаевна, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Кадырова Акмарал Сатбековна, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры, PhD Майлыбаев Ерсайын Кұрманбайұлы сөз сөйледі.
Семинардың екінші бөлімінде «Сараптамалық бағалауларды талдау және негізделген шешімдер қабылдау» кейс-интенсиві өткізілді.(Габдуллина А.Ж., IQAA ЖОО-ларды аккредиттеу департаментінің бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты).
Практикалық жұмыс барысында қатысушылар сараптамалық бағалаулар мен ұсынымдарды талдап, ұсынылған дәлелдердің жеткіліктілігін бағалады, анықталған мәселелерді ұсынылатын ұсынымдардың ауқымымен салыстырды және сараптамалық қорытындылардың негізділігін айқындады.
Семинар соңында қатысушылар жұмыс қорытындыларын шығарып, сарапшылардың одан әрі кәсіби дамуының негізгі бағыттарын белгіледі.
Оқыту семинары сарапшылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, практикалық тәжірибе алмасуға және жоғары білім сапасын сыртқы бағалау тәсілдерін одан әрі жетілдіруге арналған алаңға айналды. Оқыту семинарының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.