02 қазан 2026

IQAA Бақылау кеңесінің отырысы өтті.

IQAA Бақылау кеңесінің отырысы

2026 жылғы 1 қазанда профессор Ж.А. Күлекеевтің төрағалығымен Бақылау кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға IQAA Бақылау кеңесінің мүшелері қатысты:

  1. Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.
  2. Франци Демшар – физика-математика ғылымдарының докторы, словениялық саяси және мемлекеттік қайраткер, дипломат, физик-ғалым, Словенияның жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (NAKVIS) директоры.
  3. Каланова Шолпан Мұртазқызы – профессор, IQAA президенті.
  4. Тасмағанбетов Ғани Мерғалиұлы – Астана қаласындағы «EL DEVELOPMENT» ЖШС директоры, жұмыс берушілер өкілі.
IQAA Бақылау кеңесінің отырысы
IQAA Бақылау кеңесінің мүшелері
IQAA Бақылау кеңесі отырысының қатысушылары
IQAA Бақылау кеңесінің жұмысы

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралып, бекітілді:

  • Агенттіктің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары;
  • IQAA Аккредиттеу кеңесінің құрамы.

Агенттік президенті, профессор Ш.М. Каланова IQAA-ның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сын-қатерлері мен жетістіктері туралы есепті, сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарларын таныстырды.

Атқарылған жұмыс туралы ұсынылған ақпараттың мазмұндылығы, Агенттік қызметінің стратегиялық басымдықтары бойынша жасалған негізгі қорытындылар, сондай-ақ Аккредиттеу кеңесі құрамының жоғары кәсіби біліктілігі атап өтілді.