21 қыркүйек 2026

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі IX Еуразиялық форум

2026 жылғы 18 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі IX Еуразиялық форум өтті.

Участники IX Евразийского форума по обеспечению качества в высшем образовании
Участники IX Евразийского форума

Форум Maqsut Narikbayev University базасында гибридті форматта (офлайн – 100, онлайн – 107 адам) өтті және қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорларын, жетекші отандық сарапшыларды, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын, сондай-ақ Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің өкілдерін қамтитын кең ауқымды қатысушыларды біріктірді.

IX Еуразиялық форум аясында мынадай тақырыптық бағыттар талқыланды:

  • Жасанды интеллект;
  • Цифрландыру.

Еуразиялық форум бағдарламасы

Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Тойбаев Әділет Жүнісұлы құттықтау сөз сөйлеп, форум тақырыбының өзектілігін атап өтті және жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Приветственное слово на IX Евразийском форуме
Работа IX Евразийского форума

Еуразиялық форум жұмысы екі сессия аясында өтті. Олардың модераторлары: Қуанғалиева Тұрсынзада Қуанғалиқызы – Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор, э.ғ.к.; Қадырoва Маргарита Бөлегенқызы – Мемлекеттік басқарудың қолданбалы зерттеулер және талдау институтының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, э.ғ.к., IQAA Аккредиттеу кеңесінің төрағасы; Әбдіжаппарова Бақыткүл Төлқожақызы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аккредиттеу және сапаны бағалау бөлімінің басшысы, қауымдастырылған профессор, т.ғ.к.; Карстина Светлана Геннадьевна – профессор, ф.-м.ғ.д., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті.

Форумда баяндама жасағандар:

– Ибраева Анар Бауыржанқызы, Maqsut Narikbayev University провосты, доцент, филол.ғ.к.: университеттің бірыңғай экожүйесін құрудағы жекелеген цифрлық сервистердің құндылығын атап өтті;

– Бисембаев Әлібек Сапарбекұлы, Қазақстан-Британ техникалық университеті Халықаралық экономика мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор, PhD: жаһандық ЖИ-хабтың қалыптасуын және университеттердің технологияларды, компанияларды және жаңа нарықтарды құрушылар ретіндегі рөлін талдады;

Выступление Анар Ибраевой
Выступление на IX Евразийском форуме

– Таубаев Аяпберген Алданаевич, Esil University ректоры, профессор, э.ғ.д.: университет түлектердің бәсекеге қабілетті болуы, бейімделуі және дамуын жалғастыруы үшін жағдай жасайтынын атап өтті;

– Искаков Ринат Маратұлы, Қытай мұнай университетінің профессоры, қауымдастырылған профессор, х.ғ.д.: Қытай мұнай университетінің жасанды интеллектіні қолдана отырып курстар әзірлеу, аудиториялық және зертханалық сабақтар өткізу тәжірибесі, сондай-ақ генеративті ЖИ көмегімен материалдарды зерттеу туралы баяндады;

Выступление Аяпбергена Таубаева
Выступление Рината Искакова

– Костюк Александр Владимирович, Фулбрайт бағдарламасының 2025–2026 жылдардағы стипендиаты, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD: жасанды интеллектінің зерттеулер мен деректерді талдауда қолданылу тәжірибесімен бөлісті;

– Бексултанов Жениш Тункатарович, доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Қырғыз-Жапон институты, Бішкек қ., Қырғызстан: Қырғызстанның білім беру жүйесінде ЖИ-ді қолдану оқу тәжірибелерінің өзгеруіне және білім беру идеяларын қайта пайымдауға алып келгенін атап өтті;

– Исахов Асылбек Абдиашимович, Қазақ-Америка университетінің президенті, PhD, профессор: өркениеттің болашағы машиналық интеллект дәуірінде адамгершілікті сақтай алуымызға байланысты екенін атап өтті;

Спикер IX Евразийского форума
Спикер IX Евразийского форума
Спикер IX Евразийского форума

– Амиров Азамат Жанбулатович, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – цифрландыру жөніндегі проректоры, PhD: университеттік әзірлемені коммерцияландыру және оны нарыққа шығару тәжірибесімен бөлісті;

– Дауленов Мирас Мухтарович, Coventry University Kazakhstan президенті, PhD: жасанды интеллект дәуіріндегі жоғары білім құндылықтарын қайта пайымдау, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы және жаңа буындағы жаһандық университеттерді құру мәселелерін баяндады.

Выступление Азамата Амирова
Выступление Мираса Дауленова

Қорытындыда форум нәтижелері шығарылып, цифрлық трансформация жоғары білім сапасына қатысты тәсілдерді қайта қарауды талап ететіні атап өтілді. Бүгінде сапа енгізілген технологиялардың санымен емес, олардың білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге, құзыреттерді дамытуға және білім алушының жеке білім беру траекториясын қалыптастыруға қаншалықты ықпал ететінімен айқындалады. Сондықтан цифрлық өзгерістердің ауқымына қарамастан, білім алушы білім беру үдерісінің орталығында қалуға тиіс.

Участники IX Евразийского форума
Участники IX Евразийского форума

Өткен IX Еуразиялық форум жоғары оқу орындары мен аккредиттеу органдарын біріктіретін жетекші диалог алаңы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте көрсетті. Іс-шара цифрландыру мен жасанды интеллектінің жоғары білім сапасын қамтамасыз етуге ықпалы жағдайында шешімдер әзірлеудің маңыздылығын айқындады.

 

Фотография IX Евразийского форума