2021 жылғы 20 шілдеде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастық (ENQA) жұмыс тобының Академиялық адалдық бойынша екінші онлайн-кездесуі өтті. Жұмыс тобының төрағасы ретінде Ұлыбритания QAA-сынан Гарет Кросcман (Gareth Crossman) болды. Энтони Джаспер (Anthony Jasper) ENQA атынан кездесудің бас хатшысы болды. Аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері академиялық алаяқтықты зерттеу және алдын алу бойынша өз тәжірибелерімен қысқаша бөлісіп, жұмыс тобының жалпы іс-қимыл жоспарын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. IQAA жұмыс тобының өкілі Талдау және Сапа бөлімінің сарапшысы Бекеева А. Ж. болды. ENQA жұмыс тобының келесі отырысы қыркүйекке жоспарланған.
28 шілде 2021