2021 ж. 30 маусымда Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығы (ENQA) жұмыс тобының академиялық адалдық жөнінде алғашқы онлайн-кездесуі өтті. Жұмыс тобының басшысы QAA агенттігінен (Британия) Гарет Кроссман (Gareth Crossman), ал мәжілістің бас хатшысы Анна Говер (Anna Gover) (ENQA) тағайындалды. Жұмыс тобының құрамына 9 мемлекеттен аккредиттеу агенттіктерінің 11 өкілі кірді. Талқылау барысында жоғары білім мәнмәтінінде академиялық адалдық мәселелері қарастырылды. IQAA атынан жұмыс тобының өкілі ретінде Талдау және сапа бөлімінің басшысы Нариман Сержанович Амантаев қатысты. Нариман Сержанович Қазақстанның білім беру мәнмәтініндегі академиялық алаяқтыққа қарсы күресі аясында Агенттіктің қызметін баяндады. ENQA жұмыс тобының келесі мәжілісі шілде айының соңына жоспарланған.
01 шілде 2021