2020 ж. 28 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі Аманбай Ердаулет Карсыбаевич мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға 17 желтоқсанда көрсетілген қолдау мен қайырымдылық көмегі үшін Каланова Шолпан Муртазовнаға және IQAA ұжымына орталық атынан алғыс білдіруге келді.
Ол орталық директоры Баймағамбетова Рыста Жағипарқызы мен бүкіл ұжым атынан Алғыс хатты табыс етті және ел игілігі үшін алдағы уақытта табысты қызмет етуіне ізгі тілегін жеткізді.
Біз өз кезегімізде «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына біздің еңбегімізді бағалағаны үшін ризашылығымызды білдіргіміз келеді, және осындай қайырымдылық акцияларын өткізу арқылы танылуға тырыспайтынымызды айтқымыз келеді - қамқорлықты және назарды қажет ететін адамдарды шын жүректен қуанта алғанымыз біз үшін маңызды.