21 ақпан 2020

«Егеменді Қазақстан» газетінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рейтингі туралы мақала жарияланды

20161130195157

Мақалада Қазақстанның жоғары оқу орындарының рейтингісін жүргізу тәжірибесі қарастырылады. Атап айтқанда, 2 ұйым - «Атамекен» ҚР АЭС және «Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі - Рейтинг» (IQAA - Рейтинг) ЖОО рейтингісін құрастыру әдістемесі мен әдістері қарастырылды.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рейтингін алғаш Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі - Рейтинг (IQAA - Рейтинг) жариялады.
IQAA - Рейтинг - IREG (Observatory for Academic Ranking and Excellence) халықаралық ұйымына қосылған 9 елдегі 9 құрылтайшы ұйымның бірі.
IQAA президенті Шолпан Каланова жоғары оқу орындары рейтингке бірінші кезекте мүдделі екенін атап өтті.
Бұл мақаламен толығырақ 2020 ж. 21 ақпандағы «Егеменді Қазақстан» газетінің №36 (29765) басылымында таныса аласыз.