Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) өкілдері 21-23 қараша аралығында Германиядағы Берлин техникалық университетінде өткен Еуропалық сапа кепілдігі 2019 (EQAF) форумына қатысты. Шараға 500 -ден астам адам қатысты. Сапа кепілдігі жоғары оқу орындарына мүдделі тараптардың үміттерін қанағаттандыруға және олардың қоғам үшін құндылығын көрсетуге қалай көмектесетініне назар аударылды.
Пленарлық отырыстарда жоғары оқу орындары қоғамдағы рөлін қалай анықтайтыны, мүдделі тараптардың институционалдық қызметтің сапасын қамтамасыз етуге қосқан үлестерінің құны; және жоғары білім берудегі өзгерістерге ілесу үшін қажет сыртқы сапа кепілдігі сияқты маңызды мәселелер қаралды.
Секциялық сессиялар әртүрлілік пен инклюзивтілік, тұрақты даму және білім мен оқушының табысына бағытталған білім беру сияқты салаларда маңызды институционалдық міндеттерді ілгерілетудегі сапа кепілдігінің рөлін қамтыды.
EUA «Сарапшылар дауысы» журналында Тиа Луккола жоғары білімнің қазіргі таңдағы өзгерістері мен болашақтағы күйіне қарай, сапа кепілдігі өзекті болған жағдайда ерекше мән беретін алуан түрлі сұрақтарға шолу жасады.
14 -жылдық тарихы бар форум EUA, ENQA, ESU және EURASHE бірлесіп ұйымдастырылды және Еуропадағы сапаны қамтамасыздандыруда мүдделі тараптардың жыл сайынғы ең ірі жиналысы болып табылады.
EQAF-та ұсынылған барлық презентациялар Форум сайтында қолжетімді. Форумда ұсынылған құжаттар EUA жарияланымдарының мәліметтер базасында берілген.
Келесі форум 2020 ж. 12-14 қарашасында Финляндиядағы Аалто университетінде өткізіледі.