2019 жылы 27 мамырында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) қазақ ұлттық өнер университетінде Білім сапасын бағалау жөнінде сарапшылардың Халықаралық конференциясын өткізді.
|
|
Халықаралық конференция жұмысына 110-нан аса адам қатысты: ЖОО және колледж басшылары, аккредиттеу және сапаны қамтамасыздандыру жөнінде басқармалар мен бөлімдер басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, студенттер және шетел сарапшылары.
Конференцияның бірінші бөлімі сыртқы аудит есептерін даярлауға, сарапшы және ЖОО жағынан аккредиттеу рәсіміне көз қарасына арналды, Erasmus + «С3QA» жобасының қорытынды нәтижелері баяндалды.
IQAA халықаралық сарапшылары - Оңтүстік Урал мемлекеттік аграрлы университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Шерьязов Сакен Койшыбаевич (Ресей Федерациясы) және Рига технологиялық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Mareks Mezitis (Латвия) IQAA сарапшылар тобының құрамындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
1 фокус-топ. «Сыртқы аудит есебін даярлаудағы сарапшылар қолданатын сандық және сапалық көрсеткіштер» (модератор: профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Адильгазинов Гайнельгазы Зайнуллинович – IQAA әдістемелік жөнінде жоба басшысы)
2 фокус-топ. «ССТ есебін әзірлеу» (модератор: доцент, химия ғылымдарының кандидаты, Джигитчеева Карлыгаш Мухареденовна - IQAA бас үйлестірушісі)
3 фокус-топ. «Сыртқы аудитті жүргізу: сарапшылар тобының жұмысын ұйымдастыру және сұхбатты жүргізу» (модератор: педагогика ғылымдарының кандидаты, Раймбекова Жанат Ахатовна – IQAA ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бөлімінің басшысы)
4 фокус-топ. «Сыртқы аудитті өткізудегі сарапшы жұмысының коммуникативті және этикалық қырлары» (модераторы: профессор, медицина ғылымдарының докторы, Молотов-Лучанский Вилен Борисович – Қарағанды медициналық университеті ректорының кеңесшісі; профессор, биология ғылымдарының докторы, Имашева Багдат Сакеновна - бас үйлестіруші, медициналық ұйымдар жобасының басшысы, IQAA)
Конференцияның ресми бөлімі аяқталған соң Қазақстанның ең үздік ЖОО ұлттық рейтингісінің - 2019 сертификаттарын салтанатты табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Соңында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен оқытушылары әзірлеген концерт болды.
Толық фоторепортаж осы сілтемеде және Facebook IQAA ресми парақшасында қолжетімді.