28 тамыз 2021

Аккредиттеу Кеңесінің Төрағасы Ударцев Сергей Федоровичті мерейтойымен құттықтаймыз!

2 min

2021 жылғы 28 тамызда өзінің 70-жылдық мерейтойын Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы, Алматы жоғары партия мектебінің доценті (1988-1992), КИМЭП Университетінің доценті, ҚР Конституциялық сотының судьясы (1992-1995), "Казатомөнеркәсіп" ҰАК заң қызметінің негізін қалаушысы, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының мүшесі (2006-2007), Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі (2011), КАЗГЮУ құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры (2012), КазГЮУ Президентінің кеңесшісі (2009-2012), ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі (2013) Ударцев Сергей Федорович атап өтті.

Сергей Федорович сондай-ақ "Құқық және мемлекет" ғылыми заң журналының бас редакторы (2013), ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық-консультативтік кеңесінің төрағасы (2016), ҚР Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі (2018) және 700-ден астам жарияланған ғылыми-әдістемелік жұмыстарының авторы болып табылады.

Құрметті Сергей Федорович!

IQAA сізге Қазақстанда тәуелсіз аккредиттеуді енгізу жөніндегі агенттігінің дамуына қосқан үлесі, Агенттіктің Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы ретіндегі белсенді және кәсіби жұмысы үшін алғыс білдіреді.

Сізге отандық және шетелдік білім беру ұйымдарын институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу туралы шешім қабылдаудағы адалдық пен тәуелсіздік үшін, аккредиттеу стандарттары мен өлшемшарттарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.

Сізге және жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.

Мерейтой құтты болсын, құрметті Сергей Федорович!

Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі (IQAA) қызметкерлерінің атынан
Профессор, педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты
Ш.Каланова