Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жолдауды IQAA қызметкерлері үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі басымдықтармен сөз сөйлеп, I) пандемиядан кейінгі кезеңдегі елдің экономикалық дамуына, ii) денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, III) білім беру сапасын арттыруға, iv) өңірлік саясатты жетілдіруге, v) еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыруға, vi) саяси жаңғыртуға және адам құқықтарын қорғауға және vii) ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы екендігіне назар аударды.
Білім беру саласында Мемлекет Басшысы қашықтықтан оқыту қолжетімді және инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін телекоммуникациялық желілерді дамыту қажеттігін көрсеткенін атап өтті. Осы мәселеге байланысты Үкіметке қашықтықтан оқыту нысаны үшін ақпараттық жүйелердің сапасын жақсарту тапсырылды. Оның ішінде, "Цифрлы ұстаз" білім беру жобасын енгізуі тұрмысы төмен отбасыларда өсіп жатқан балаларға қосымша қолдау көрсетілуі тиіс екендігін атап өтті.
Президент мұғалімдерді қолдау және ынталандыру үшін оларды мемлекеттік бюджет есебінен бес жылда емес, үш жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу керектігін тапсырды. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін оқушылар үшін орын тапшылығын азайту мақсатында мектеп құрылысының көлемін 1000-ға дейін арттыру тапсырылды.
Мемлекет басшысы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ 100% қамтуды қамтамасыз ету қажет деп санайды. Осыған байланысты "Тегін техникалық және кәсіптік білім беру" жобасын іске асыру жалғасатынын еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымды дамыту саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін гранттық қаржыландыруды үш жылдан бес жылға дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық ғылымның тиімді дамуына ықпал етеді.
Жолдаудың соңында Президент мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығын, сондай-ақ мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен бірлігін нығайту қажет екендігін атап өтті.
ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының ресми мазмұнымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: