Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) 2021 жылғы 7 қазанда өткен "Қазақстанда дуалды жүйені енгізу" тақырыбындағы KazDual консорциумының кездесуіне қатысты.
Бұл Capacity Building in Higher Education Erasmus + бағдарламасы бірлесіп қаржыландыратын үш жылдық жоба. Жобаның негізгі мақсаты жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды жүйе бойынша пилоттық бағдарламалар арқылы Қазақстанның жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігін арттыру болып табылады. Жоба, сондай-ақ елдегі дуалды жоғары білімді бейімдеу үшін заңнама мен нормативтік актілерге түзетулер енгізуге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен дуалды білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің стандарттары мен критерийлерін әзірлеуге бағытталған.
Вебинар ZOOM онлайн платформасы арқылы өтті. Кездесуде жобаның ағымдағы және алдағы қызметіне байланысты мәселелер талқыланып, жұмыстың алдағы жоспарлары туралы келісімдер жүргізілді.