21 қазан 2021

IQAA 2023 жылы INQAAHE конференциясын өткізетін агенттік болып таңдалды

2021 жылдың 11 қазанында Барселонада INQAAHE Бас Ассамблеясы мәжіліс өткізді. INQAAHE Президенті Сусанна Караханян INQAAHE-нің 30 жылдығына арнаулы сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ретінде 2023 жылы INQAAHE конференциясын өткізу туралы мүше агенттіктерінің ұсыныстарын тыңдауды және дауыс беруді ұсынды.

2023 жылы INQAAHE конференциясын өткізу туралы ұсыныстарды тыңдағаннан кейін Бас Ассамблеяға 2 аккредиттеу агенттігінен: Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінен (IQAA) және Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінен (IAAR) түскен ұсыныстар мен презентациялар негізінде Қазақстанда INQAAHE 2023 конференциясын өткізетін агенттікке дауыс беру ұсынылды.

Бас Ассамблеяда дауыс беру 2021 жылғы 11 қазаннан бастап 2021 жылғы 18 қазанға дейін электрондық түрде өткізілді. Дауыс беру нәтижелері бойынша IQAA көпшілік дауысқа ие болды (64%), нәтижесінде INQAAHE Бас Ассамблеясы 2023 жылы INQAAHE конференциясын өткізу үшін білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікті (IQAA) таңдады.

Толығырақ ақпарат INQAAHE сайтында қол жетімді:
https://www.inqaahe.org/blog/general-assembly-ii-2021-online-voting-results
https://www.inqaahe.org/sites/default/files/INQAAHE-GAM2-2021-voting-results.pdf
https://www.inqaahe.org/sites/default/files/INQAAHE-GAM2-2021-declaration-results.pdf