
2021 жылғы 6 қарашада IQAA Аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті, оның барысында келесі оқу орындарының институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу, аккредиттеуден кейінгі мониторинг және аккредиттеу мерзімін ұзарту бойынша материалдары қарастырылды және талқыланды:
- Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (бағдарламалық аккредиттеу мерзімін ұзарту)
 - Семей медицина университеті (мекемеге бару арқылы институционалдық аккредиттеуден кейінгі мониторинг)
 - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу бойынша мекемеге бару арқылы аккредиттеуден кейінгі мониторинг)
 - "Мирас" университеті (институционалдық аккредиттеу бойынша қайталама сыртқы аудит)
 - Логистика және көлік академиясы (бағдарламалық аккредиттеу)
 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы (институционалдық аккредиттеу)
 
			 Қазақстан Республикасы