2021 жылғы 18-19 қарашада Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің қызметкерлері (IQAA) E4 тобы (ENQA, EUA, EURASHE және ESU) ұйымдастырған "Сенімді нығайту және жақсарту: ақпараттан дәлелдемелерге" атты және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі онлайн Еуропалық форумға қатысты. Іс-шараның мақсаты Еуропадан және одан тыс жерлерден сапаны қамтамасыз ету саласындағы мүдделі тараптар арасында тәжірибе мен білім алмасу үшін алаң ұсыну болды. Форум сонымен қатар сапаны қамтамасыз ету саласындағы дәлелді шешімдер қабылдау үшін сенімді нығайтуға бағытталды.
Іс-шара деректерді қалай талдауға және түсіндіруге, сонымен қатар олардың сапасын жақсарту және сенімділікті арттыру үшін қалай пайдаланылуына назар аударды. Форум цифрландыру ұсынған мүмкіндіктерді қалай тиімді пайдалану керектігін талдауға мүмкіндік берді.
Форумға сапаны қамтамасыз етуге жауапты ректорлар мен проректорлардың, жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердің, студенттердің, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің қызметкерлері мен жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін зерттеушілердің атынан 200-ден астам адам қатысты. Форумның модераторлары EQAF бағдарламалық комитетінің мүшелері - Йенс Юнгблут, Джоаким Моурато, Пеги Павлетич, Геа ван Зутвен, Ульф Хедбьерк, Ронни Хайнце, Лив Тереза Мут, Ронни Хайнце, Женевьева Ле Форт, Еуропалық студенттер одағының өкілі - Рубен Джансен және Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету регистрінің Президенті - Карл Дитрих болды.
Форум бағдарламасы мен баяндамалары туралы ақпаратты EUA ресми сайтында осы сілтеме бойынша табуға болады https://www.eua.eu/events/138-2021-european-quality-assurance-forum.html.
23 қараша 2021