2021 жылғы 6-7 желтоқсанда IQAA сапаны қамтамасыз ету бойынша "Деректерден саясатқа - сапаны қамтамасыз ету мен тануды біріктіру" атты DEQAR CONNECT онлайн-конференциясына қатысты.
Конференцияға білім министрліктерінен, сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінен, ENIC-NARIC-тен 182 өкіл және бүкіл еуропалық жоғары білім кеңістігінен жоғары білім беру саласындағы саясат жөніндегі сарапшылар қатысты.
Іс-шарада DEQAR жобасы туралы сарапшылар мен мүдделі тараптардың презентациялары мен панельдік пікірталастары, DEQAR-ды жұмыс процестеріне интеграциялау, ұлттық және еуропалық деңгейлерде саясатты әзірлеу үшін DEQAR деректерін пайдалану және біріктіру мүмкіндіктері мен сондай-ақ DEQAR-ды келешекте еуропалық экожүйелерге сандық тіркелу деректеріне қосу ұсынылды.
Конференцияны EQAR президенті Карл Дитрих құттықтау сөзімен ашты. Конференция 4 негізгі сессиядан тұрды. Спикерлер ретінде Кьяра Финоккиетти (CIMEA - академиялық ұтқырлық және баламалылық Ақпараттық орталығы, ЕЖБК тану бойынша тақырыптық тобының төрағасы), Яня Можина Бречель (Словенияның білім, ғылым және спорт министрлігі), Мелинда Сзабо (EQAR аға саяси талдаушысы), Коэн Номден (топ басшысы: Дағдылар мен біліктілікті тану құралдары, Еуропалық комиссия, жұмыспен қамту, әлеуметтік істер және интеграция мәселелері жөніндегі Бас директор), Колин Тук (EQAR директоры) және басқа да танымал еуропалық жоғары оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі. Конференция бағдарламасы мен спикерлер туралы ақпаратпен сілтемелер бойынша танысуға болады.
Конференция аяқталғаннан кейін жоба серіктестері үшін жабық отырыс өткізілді, онда DEQAR өкілдері жобаға қатысушылармен бірге қорытындылар мен болашаққа ықтимал жоспарларды талқылады. Барлық қатысушылар жобаның пайдалылығы мен жеңіл интеграциялануын атап өтті, олар жобаның бар болғаны үшін, сонымен қатар менторлар мен жоба өкілдеріне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.
Конференция Erasmus + DEQAR CONNECT "Еуропалық жоғары білім кеңістігінің (EHEA) реформаларын іске асыруды қолдау" жобасының аяқталуына орай өткізілді. Конференцияның басты тұжырымы – DEQAR үлкен жетістік болды. Спикерлер жобаның нәтижелерін жоғары бағалады және мүдделі тараптар мен сарапшылар DEQAR-дың пайдалылығы мен құндылығына сенімді. Сондай-ақ, DEQAR-дың нақты жүйелік деңгейде автоматты түрде тану үшін өте маңызды екендігі мен барлық мүдделі тараптардың жұмысын жеңілдететіндігі атап өтілді.
Аталған конференцияға және DEQAR CONNECT жобасына қатысу біздің және басқа агенттіктердің дамуына және Еуропалық жоғары білім кеңістігінің жұмыс құрылымдарының бірігуіне үлкен оң әсер етті, ол үшін біздің Агенттік - IQAA конференция мен DEQAR CONNECT жобасының ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдіреді.