2021 жылғы 11 желтоқсанда IQAA Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өтті, оның барысында келесі оқу орындарын институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу жөніндегі материалдар қаралып, талқыланды:
- Теміртау жоғары медициналық колледжі (институционалдық аккредиттеу);
- Еуразия гуманитарлық институты (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу);
- Ұлттық сараптама орталығы (институционалдық аккредиттеу);
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бағдарламалық аккредиттеу).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері Құрмет грамоталарымен марапатталды: Ударцев Сергей Федорович, Гамарник Геннадий Николаевич, Доскенов Талғат Қазкенұлы, Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы, Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы, Тлеубаев Дәурен Қанатұлы, Vaiciukeviciene Ieva және бақылау кеңесінің төрағасы - Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы Агенттіктің дамуына қосқан зор үлесі, белсенді және кәсіби жұмысы, IQAA-де табысты көпжылдық еңбегі, ынтымақтастығы және адалдығы үшін марапатталды.