
2021 жылдың 25 желтоқсанында IQAA Аккредиттеу кеңесінің биылғы жылғы қорытынды отырысы өтті, оның барысында келесі оқу орындарын институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу бойынша материалдар қаралды және талқыланды:
- Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті (институционалдық аккредиттеу);
 - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (бағдарламалық аккредиттеу);
 - Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы (институционалдық аккредиттеу);
 - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу);
 - Ақтөбе жоғары медициналық колледжі (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу);
 - «Түркістан» жоғары көпсалалы медициналық колледжі (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу);
 - Халықаралық туризм және меймандостық университеті (бастапқы бағдарламалық аккредитациясы);
 - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (бағдарламалық аккредиттеу);
 - Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті (институционалдық аккредиттеу);
 - Ташкенттегі Йоджу техникалық институты (бастапқы бағдарламалық аккредитациясы);
 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты (институционалдық аккредиттеу).
 
			 Қазақстан Республикасы