15 ақпан 2022

Сыртқы бағалау есептерін жетілдіру бойынша ішкі оқыту семинары

1.jpg
2.jpg

2022 жылғы 4 ақпанда агенттік қызметкерлері үшін "шетелдік Агенттіктерінің тәжірибесі: СЭТ (сыртқы эксперттік тобы) есептерінің сапасын қалай жақсартуға болады" тақырыбында ішкі оқыту семинары өткізілді. Семинарда талдау және сапа бөлімінің бастығы Д.М. Орынбасарова сөз сөйлеп, қызметкерлерді білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибесімен және шетелдік агенттіктердің тәжірибелерімен таныстырды. Семинар жұмысына Агенттіктің қызметкерлері қатысты. Семинарға қатысушылар алынған ақпараттың өзектілігі және пайдалылығын атап өтті. Мұндай ішкі іс-шаралар қызметкерлердің құзыреттілігін дамытуда және олардың біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқарады.