17 наурыз 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

K-J_Tokayev

2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" жолдауын жолдады.

IQAA қызметкерлері жолдаудың тікелей көрсетілімін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның саяси жүйесін жақсартуға бағытталған негізгі басымдылықтарды атап өтіп, бірқатар бастамалар ұсынды:
Бірінші. Президенттің өкілеттігі туралы;
Екінші. Өкілді билік тармағын қайта құру;
Үшінші. Сайлау жүйесін жетілдіру;
Төртінші. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту;
Бесінші. Сайлау үдерісін жаңғырту;
Алтыншы. Құқық қорғау институттарын күшейту;
Жетінші. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту;
Сегізінші. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру;
Тоғызыншы. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру;
Оныншы. Дағдарысқа қарсы шаралар туралы.

Мемлекет басшысы ел Парламентінің рөлін күшейту және суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу қажеттілігін атап өтті. Президент сондай-ақ сайлаудың аралас пропорционалды және мажоритарлы үлгісін енгізуді, Парламенттің қалыптасу тәртібі мен функцияларын өзгертуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, Президент мәслихаттардың рөлін күшейтуді, саяси партияларды тіркеу рәсімдерін жеңілдетуді, сондай-ақ партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді тапсырды. Мемлекет басшысы сайлау процесін жетілдіруді, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен ашықтығын, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ-тың рөлін арттыруды және адамның іргелі құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті.

Сөз соңында Президент мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқымыздың түпкілікті мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бағытты ұстанудың маңыздылығын, сондай-ақ, біздің басты байлығымыз - Тәуелсіздікті сақтау, ұлттық бірегейлік негіздерін нығайту, мемлекетті трансформациялауға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауының ресми баяндамасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-1622340.