2022 жылғы 14 сәуірде агенттік қызметкерлері үшін "Шетелдік СЭТ (сыртқы эксперттік тобы) есептерін салыстырмалы талдау: Ирландия мен Румынияның тәжірибесі" тақырыбында ішкі оқыту семинары өткізілді.
Семинарда талдау және сапа бөлімінің басшысы Орынбасарова Д.М. сөз сөйлеп, қызметкерлерді халықаралық тәжірибемен және шетелдік агенттіктердің СЭТ есептерін дайындау тәжірибесімен таныстырды. Агенттік қызметкерлері семинар барысында белсенді қатысып, сыртқы бағалау есептерін жетілдіру және жаңа практикаларды енгізу тәсілдері бойынша қызықты пікірталас өткізді. Мұндай ішкі іс-шаралар қызметкерлердің құзыреттілігін дамытуда және Агенттік жұмысының ішкі процестерін жақсартуда маңызды рөл атқарады.