Мемлекет басшысы белгілі экономист, қоғам қайраткері, IQAA Бақылау кеңесінің Төрағасы Жақсыбек Құлекеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-belgili-ekonomist-zhaksybek-kulekeevti-kabyldady-2534016.
Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту туралы ұсыныстар ұсынылды, сондай-ақ елдің мұнай-химия саласын дамытудың, мұнай-газ секторының ғылыми-инжинирингтік әлеуетін нығайтудың жекелеген мәселелері қаралды.
Белгілі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Күлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы ойымен бөлісті. Сонымен қатар, жаңа Қазақстанның құрылысы аясында экономика үшін мемлекеттік қызметшілер мен кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері талқыланды.