IQAA Президенті
Ш. Қаланова ханымға
Достык көш., 20, 801 офис
Нұр-Сұлтан қ., Z05H9M7
Қазақстан
Глостер, 2022 жылғы 2 мамыр
Тақырып: IQAA-дің ENQA толыққанды мүшесі ретінде қайта танылуы
Құрметті Шолпан Қаланова,
Мен Сізге 2022 жылғы 27 сәуірдегі отырыста ENQA басқармасы IQAA-дің ENQA толыққанды мүшесі ретіндегі мәртебесін келесі бес жылға растағанын хабарлауға қуаныштымын. Басқарманың пікірінше, IQAA қызметі Жоғары білім беру Еуропалық кеңістігіндегі Сапаны қамтамасыздандыру стандарттарына және нұсқаулықтарына (ESG-2015) сәйкес келе отырып, ENQA рәсім ережелерінің 6-бабының 1-тармағына сәйкес талаптарға жауап береді.
<...>
IQAA-дің ENQA толыққанды мүшесі ретінде қайта танылуына байланысты менің құттықтауымды қабыл алыңыз. Өзара ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үміт білдіремін.
Құрметпен,

Даглас Блэксток
Президент
(бейресми аударма)
Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновация министрлігі