2022 жылғы 25 мамырда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Аккредиттеу кеңесінің төрағасы Сергей Федорович Ударцевтің ғылыми және қоғамдық қызметінің 50 жылдығына орай шығарылған кітаптардың тұсаукесері өтті.
Сергей Федоровичтің заң ғылымына қосқан үлесі көптеген марапаттармен, ғылыми және кәсіби қауымдастықтардың, шетелдік ұйымдардың ресми мойындауымен атап өтілді.
Сергей Федоровичтің заң ғылымына қосқан үлесі көптеген марапаттармен, ғылыми және кәсіби қауымдастықтардың, шетелдік ұйымдардың ресми мойындауымен атап өтілді.
Іс-шара аясында таныстырылған басылымдар:
• «Сергей Федорович Ударцев: ғалым және қоғам қайраткері»;
• «Қазақстан ғалымдарының библиографиясы» атты сериясына қосылған «Ударцев Сергей Федорович» атты қазақ тіліндегі бөлімі;
• «С.Ф. Ударцев. Құқық пен мемлекет институттар мен идеялар ретінде: өткені, бүгіні және болашағы».
Бұл кітаптар ғалымдар, мамандар, сарапшылар, оқырмандардың кең ауқымы – студенттер, магистранттар, докторанттар, құқық және мемлекет теориясы, құқықтық және саяси ой тарихы мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның заң ғылымының XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы тарихын зерттейтін қалың оқырманға үлкен қызығушылық тудырады.

Тұсаукесер аясында Сергей Федоровичтің жұбайы Татьяна Павловна Ударцева сөз сөйлеп, он жылдан астам уақыт жұмыс істеген әріптестері – құқықтанудағы белгілі ғалымдар Когамов М.Ч. (з.ғ.д., профессор, КАЗГЮУ Университетінің Professor Emeritus, Пен С.Г. (КАЗГЮУ Университетінің провосты, з.ғ.к.), Оспанова Б.К. (ҚР Ұлттық кітапханасының директоры (Алматы), «Қазақстан кітапханалар одағы» ЗТБ төрайымы), Искалиева Н.А. (Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары (Алматы), Рогов И.И. (Адам құқығы жөніндегі комиссия төрағасы, Венеция комиссиясының мүшесі, Н. Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары), Шапак Унзила (з.ғ.д., профессор, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі), Малиновский В.А. (з.ғ.д., профессор, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі), Дауылбаев А.К. (з.ғ.к., ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, ҚР экс-бас прокуроры), Исаканова С.Ш. (ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі), Тлепина Ш.В. (з.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі), Калишева Ж.Г. (з.ғ.к., КАЗГЮУ Университетінің Professor Emeritus, Заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының жетекшісі), Әлімжан Қайрат (з.ғ.к., «Sed Lex» ЖШС серіктесі (Алматы), Мәуленов К.С. (з.ғ.д., Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінің профессоры (Алматы), Каланова Ш.М. (профессор, п.ғ.д., х.ғ.к., IQAA Президенті) құттықтап, талқылауға қатысты.