ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастыру туралы Қаулыға қол қойды.
ҚР Президенті жаңа министрліктің алдында төрт басты міндетті айқындады:
- Ұлттық Ғылым академиясының мәртебесін қайтару және нығайту;
- университет пен ЖОО-дағы ғылым;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдау және қаржыландыру;
- ғылымды дәріптеу.
Саясат Нұрбек, BTS Education компаниясының директоры қызметінде бола отырып, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік ұйымдастырған «Цифрландыру арқылы трансформация: Университеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша II жыл сайынғы Еуразиялық форумда (2019 жылғы 16 қыркүйек) негізгі спикерлердің бірі болды.
Агенттік ұжымы Саясат Нұрбекті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтайды және оған сәттілік пен жемісті жұмыс тілейді!
Сонымен қатар, Агенттік ұжымы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовті құттықтап, еліміздің білім саласын әрі қарай дамытуда жаңа жетістіктер тілейді.