25 тамыз 2022

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі V Еуразиялық форумына шақыру

5eurasianforum

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) "Жоғары білімнің тұрақты дамуы және болашағы" тақырыбында өтетін Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі V Еуразиялық форумына шақырады. Форум 2022 жылғы 29-30 қыркүйекте Астана қ. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде гибридті (онлайн және офлайн) форматта өткізіледі.

Форум ЮНЕСКО-ның "2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму мүддесіндегі білім беру" жаһандық бағдарламасы және 2022 жылғы 18-20 мамырда Барселонада өткен жоғары білім беру жөніндегі ЮНЕСКО-ның Үшінші дүниежүзілік конференциясына арналған "Жол картасы" контекстінде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі факторы ретінде жоғары білімнің жаңа көзқарасының өзекті мәселелеріне арналған.

Биыл Форум Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Алғы сөз сөйлейді:

  • Саясат Нұрбек – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
  • Жақсыбек Күлекеев – IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы, профессор, ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің мүшесі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, ҚР Білім және ғылым экс-министрі.

Сессия тақырыптары:

  • Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің құндылықтары мен жаңа тұрғылары (оның ішінде оқытушы-мұғалімді даярлау арқылы білім беру жүйесін жетілдіру);
  • Қол жетімділікті кеңейту және өмір бойы оқыту;
  • Оқытуды және басқару тиімділігін жақсарту үшін цифрландыру.

Форумда шет елдердің өкілдері және қазақстандық ЖОО өкілдері де қатысады:

  • В. Стотт – QAA жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Британдық агенттіктің атқарушы директоры (Біріккен Корольдік), INQAAHE Басқарма мүшесі, PhD докторы;
  • Э. Сабзалиева – Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі (Канада) ЮНЕСКО-ның жоғары білім жөніндегі халықаралық институтының жоғары білімді зерттеу және саясатты талдау бөлімінің бастығы, PhD докторы;
  • Д. Әбдірашева – Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі (Канада) ЮНЕСКО-ның жоғары білім беру жөніндегі халықаралық институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы;
  • С. Қараханян – Абу-Даби (БАӘ) Білім және білім департаментінің Жоғары білімді саясат және реттеу жөніндегі директоры, INQAAHE (жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісі) Басқарма мүшесі, INQAAHE экс-президенті, PhD докторы;
  • Е. Вайсюкевичиене – Жоғары білімді бағалау орталығының бөлім бастығы (Литва);
  • Ж.Ш. Құдайбергенов – Ёджу (Өзбекстан) техникалық институтының ректоры, PhD докторы;
  • М.М. Дәуленов – "Нархоз" Университетінің президенті, Басқарма Төрағасы;
  • Р.М. Искаков – химия ғылымдарының докторы, доцент, Satbayev University профессоры;
  • С.А. Ирсалиев – Астана Халықаралық университетінің ректоры;
  • С.Г. Пен – М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты (ректоры);
  • Е.М. Тәжбаев – Академик Е. А. Бөкетов атындвағы Қарағанды университетінің проректоры, профессор, IQAA Аккредиттеу Кеңесінің мүшесі;
  • Е.Н. Шуланов – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры;
  • Ж.А. Темірбекова – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын (ілеспе аударма).

Байланыс деректері: 8 (7172) 27-24-91, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..