Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) 2022 жылғы 16-18 тамызда Таллин қолданбалы ғылымдар университеті ұйымдастырған KazDual жобасы консорциумының тренингіне қатысты.
Capacity Building in Higher Education Erasmus+ бағдарламасымен бірлесіп қаржыландырылатын осы жобаның (2021-2023) негізгі мақсаты жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуальды оқыту жүйесі бойынша пилоттық бағдарламалар арқылы Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігін арттыру болып табылады. Сондай-ақ, жоба елімізде дуальды білім беруді бейімдеу үшін заңнама мен нормативтік актілерге түзетулер енгізуге және ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен дуальды білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін әзірлеуге бағытталған.
Тренингте Таллин қолданбалы ғылымдар университетінің аккредиттеу процесін дайындау және іске асыру тәжірибесі ұсынылды, институционалдық аккредиттеудің негізгі рәсімдері, сондай-ақ өндірістік сектормен институционалдық ынтымақтастығы қаралды.
Қорытынды кездесуде жобаның ұлттық және халықаралық серіктестері онлайн қатысушылармен бірлесіп Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім университеті, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Электротехника колледжі) дуалды білім берудің пилоттық бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ 2023 жылы Германия (ACQUIN) және Қазақстан (IQAA) агенттіктері бірлесіп әзірленетін стандарттар бойынша осы білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу рәсімі бойынша алдағы жоспарларды талқылады.