09 қыркүйек 2022

Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі (Канада) жоғары білім беру жөніндегі ЮНЕСКО халықаралық институты жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша V Еуразиялық форум туралы анонсты жариялады

1x IESALC Logo Original Full ENG

«Жоғары білімнің тұрақты дамуы және болашағы» тақырыбында жыл сайынғы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі V Еуразиялық форумның басталуына 20 күннен аз уақыт қалды. 5 жыл бойы Еуразиялық форум академиялық қоғамдастық деңгейінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ең өзекті аспектілерін талқылау үшін бірегей халықаралық платформа болып табылады.

2022 жылғы 29-30 қыркүйекте халықаралық және ұлттық сарапшылардың басты назарында ЮНЕСКО-ның "2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму мүддесіндегі білім беру" жаһандық бағдарламасы және жоғары білім беру жөніндегі ЮНЕСКО-ның Үшінші дүниежүзілік конференциясының "жол картасы" мәнмәтініндегі жоғары білім мәселелері болады.  

Форум спикерлерінің қатарында Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі (Канада) ЮНЕСКО-ның жоғары білім жөніндегі халықаралық институтының өкілдері бар: Эмма Сабзалиева, жоғары білім беруді зерттеу және саясатты талдау бөлімінің бастығы, PhD; және Дана Әбдірашева, институттың ғылыми қызметкері, PhD.

IQAA Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі (Канада) ЮНЕСКО-ның жоғары білім беру жөніндегі халықаралық институтына ақпараттық ынтымақтастық пен алдағы форум туралы ақпаратты орналастырғаны үшін алғыс білдіреді.  

https://www.iesalc.unesco.org/en/evento/v-eurasian-forum-on-quality-assurance-in-higher-education/