31 қазан 2022

IQAA өкілдері ENQA 2022 Бас Ассамблеясына қатысты

2022 жылдың 26-28 қазанында Стокгольмде, Швецияда, Каролин институтында базасында ENQA Бас Ассамблеясы өтті. Оған IQAA қызметкерлері, оның ішінде Президент Каланова Ш.М. қатысты.

Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Парсы шығанағы елдерінің жоғары білім беру агенттіктері желілерінің өкілдері қатысқан пленарлық отырыста трансұлттық жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету және сапаны қамтамасыз етудің жаһандық перспективалары тақырыптары талқыланды.

Екінші күні қашықтықтан оқытуда сапаны қамтамасыз ету, сапаны қамтамасыз ету мен жоғары білімнің шетелдік құжаттарын (дипломдарын) тану арасындағы байланыс, сондай-ақ Еуропалық жоғары білім аймағында (ESG) сапаны қамтамасыз ету Стандарттары мен нұсқаулықтарының болашақ перспективалары тақырыптарында үш секциялық отырыс ұйымдастырылды. Ассамблеяның қорытынды бөлімінде академиялық адалдықты қолдаудағы сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің рөлі талқыланды.

Бас Ассамблея аясында сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, онда IQAA президенті Шолпан Муртазовнаға ENQA президенті Дуглас Блэксток ENQA-ға толық қайта мүшелік сертификатын табыс етті. (2022 жылғы 2 мамырда ENQA президентінен IQAA-ның ENQA-ға толық мүшелігін растайтын ресми хаты келген).

enqa 2022
certificate