Тіркеу комитетінің 2022 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттіктердің Еуропалық тізіліміне (EQAR) тіркелу мерзімін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылып, тіркеу мерзімі 2027 жылғы 30 сәуірге дейін созылды. Бұл туралы EQAR Президенті және Тіркеу комитетінің төрағасы Карл Дитрих 2022 жылы 3 қарашада ресми хатында хабарлады.
Тіркеу комитеті 2022 жылғы 27 сәуірдегі IQAA-ның Еуропалық жоғары білім аймағындағы сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына (ESG, 2015 нұсқасы) сәйкестігі туралы сыртқы шолу есебін қарады және есеп жеткілікті дәлелдемелер мен IQAA ESG талаптарына сәйкестік деңгейін талдауды қамтамасыз етеді деген қорытындыға келді.
EQAR жүйесіндегі IQAA тіркеу жазбасы https://www.eqar.eu/register/agencies/agency/?id=32 сілтемесі бойынша қол жетімді.