Республика күні қарсаңында Президент мемлекеттік наградалар беру туралы Жарлыққа қол қойды – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың ішінде ІІІ дәрежелі "Барыс" орденіне белгілі экономист, қоғам қайраткері және IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы Жаксыбек Абдрахметович Кулекеев ие болды.
Жақсыбек Абдрахметович ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің мүшесі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығының мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК мүшесі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып табылады.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі Жақсыбек Абрахметовичті еңбек сіңірген жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, амандық, өркендеу және Қазақстан Республикасының игілігі жолында көзделген жоспарлар мен мақсаттарды іске асыруды тілейді!