2022 ж. 10 желтоқсанда IQAA Аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті. Оның барысында келесі оқу орындарының институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу бойынша материалдары қаралды және талқыланды:
- Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (бағдарламалық аккредиттеу);
- Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы (бағдарламалық аккредиттеу);
- О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (бағдарламалық аккредиттеу);
- Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу).