Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) жетінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында Астана қаласындағы жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтау және оларға азық-түлік пен сыйлықтар сыйлау дәстүрін жалғастырып келеді.
Биыл да дәстүрді өзгертпей, 16 желтоқсанда азық-түлік өнімдері сатып алынып, жаңа жылдық сөмкелерге салынды. Салмағы 12 кг-дан асатын әрбір сөмкеде мерекелік дастарханға арналған азық-түліктер болды: бұқтырылған сиыр еті, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, сұлы жармасы, көк бұршақ, күнбағыс майы, сары май, Ламберт ірімшігі, сүт, қара шай, алма, банан, мандарин, Қазақстан шоколады және жаңа жылдық сыйлық.
Одан кейін Агенттік қызметкерлері Еуразия гуманитарлық институтының студент-еріктілерімен бірге 90 зейнеткерлер мен мүгедектердің үйлеріне барып, сыйлықтарды табыс етті. Барлығы шын жүректен қуанып, ризашылықтарын білдірді, тіпті кейбіреулері өз кезегінде қызметкерлерге сый сыйлап, Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін оқып, Агенттік басшылығына сыйлықтар мен көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдірді. Өйткені, адамның жылуынан, мейірімінен, ілтипатынан артық ештеңе жоқ!
IQAA Еуразия гуманитарлық институты мен Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылығы мен ұжымына осы қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға жыл сайынғы белсенділіктері мен қолдаулары үшін алғысын білдіреді. Қайырымдылық акциясы қоғамда да, осындай шаралар аясынан тыс жалғасын таба береді деп үміттенеміз, өйткені мейірімділік ізгілікті тәрбиелейтініне шын жүректен сенеміз!
Фоторепортаждың толық нұсқасы Facebook парақшасында сілтеме бойынша қолжетімді.