2023 жылдың 15 ақпанында The Global Academic Integrity Network (GAIN) консорциумының академиялық алаяқтық саласында қызмет көрсететін коммерциялық қызметтерге қарсы онлайн кездесу өтті. Жиналыстың Бас хатшысы Ирландияның QQI агенттігі Академиялық адалдық басқармасының аға менеджері Mairéad Boland сөз сөйледі.
Кездесу барысында Швецияның Жоғары Білім Беру Жөніндегі Кеңесінің өкілі André Hesselbäsk жоғары білім туралы дипломдар мен басқа да академиялық құжаттарды сатумен айналысатын ұйымдардың саны артып келе жатқандығы туралы презентация жасады. Презентация барысында мұндай ұйымдардың бүкіл әлем бойынша аккредиттеу агенттіктерінің мәртебесіне теріс әсері тиетіндігі туралы ақпарат ұсынылды. Аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері осы ықпалға қарсы күрес жөніндегі жалпы жоспарды одан әрі әзірлеуді талқылады. GAIN консорциумының келесі отырысы мамыр айына жоспарланды.
16 ақпан 2023